Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

1.Тергеп-тексеру жүргізудің негізі 23.09.2026 жылғы №3617 шұғыл хабархат.

2.Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Ақтөбе қалалық санитариялық-эпдемиологиялық бақылау басқармасы.

3.Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім) тартылмады.

4.Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі 24.09.2026-08.10.2026 ж.

5.Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар "Растишка" ЖШС "Растишка" бала бақшасы БИН 161140005414,Мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Л.Н.Толстой көшесі, 45А үй. 

  1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының  себептері мен сипаты - бұзушылық анықталды.

30 жұғынды (№2260002188943197– 29.09.2026ж) сынамасының  нәтижесінде лапшаға арналаған ситадан, асқа арналған тарелкадан ішек таяқшалар тобының бактериясы анықталды.Бұл, жабдықты тазалау,жуу дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып дұрыс жүргізілмейді.Бұл "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы  ҚР ДСМ-16 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2023 жылғы 4 сәуірдегі №58 бұйрығының 4 тарауының, 55, 58 тармағының бұзушылығы болып табылады.

4 тамақ алынған (№2260002188943386-28.09.2026ж,)-нәтижесінде тары ботқасынан,рассольниктен ішек таяқшасы тобының бактериясы анықталды. Бұл, Кеден одағы комисииясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы шешімімен бекітілген ТРТС талаптарына сәйкес келмейді, №880 ТР КО 021/2011 тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы 1,8 тармағы, 1 кесте, 2 қосымшаның бұзушылығы болып табылады.                      

  1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар Растишка" ЖШС "Растишка" бала бақшасы БИН 161140005414, Мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Л.Н.Толстой көшесі, 45А. 

8.Қабылданған шаралар- әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырып, екі жеке тұлғаға 43250 теңгеге айыппұл салынды.  

Жарияланған күні

09 қазан 2026 11:55

Жаңарту күні

09 қазан 2026