Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттығы саласындағы
тергеп-тексеру жүргізу
қағидаларына
7-қосымша

 

Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

 

  1. Тергеп-тексеру жүргізудің негізі:
  2. Өнімді (тауарды) бақылау мақсатында сатып алу нәтижелері туралы №4 08.09.2026 жылғы актісіне сәйкес техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін өнімдер:  
  • "Апамның шәйі" түйіршіктелген қара шай, өндірушісі - "Шапағат 2015" ЖШС, ҚР, Астана қаласы, Иманов көшесі, 50 ғим., 5 ҚСБ.
  1. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Байғанин аудандық санитариялық- эпидемиологиялық  бақылау департаменті  Ақтөбе қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
  2. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім):_тартылмады
  3. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 10.09.2026 ж - 18.09.2026 ж._______
  4. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар жеке кәсіпкер «Абибуллина Т.Б.», «Айзат» дүкені, Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді ауылы, Д.Қонаев көшесі, №24.
  5. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Өнімнің қадағалануын қамтамасыз ететін мәліметтерді қамтитын тауардың ілеспе құжаттары ұсынылмады, бұл Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 4 тамыздағы № ҚР ДСМ-73 бұйрығымен бекітілген «Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 3-тармақшасының 92-тармағының талаптарының бұзушылығы болып табылады.  
  6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: жеке кәсіпкер «Абибуллина Т.Б.».
  7. Қабылданған шаралар: Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына және (немесе) Бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкес келмейтін (сәйкес келмейтін) өнімді (тауарды) алып қою және өткізуден кері қайтарып алу туралы жедел ден қою шараларын қолдану туралы Байғанин аудандық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2026 жылғы «18» қыркүйектегі №8 қаулысы берілді.