Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттығы саласындағы
тергеп-тексеру жүргізу
қағидаларына
7-қосымша

 

Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

 

  1. Тергеп-тексеру жүргізудің негізі:
  2. Өнімді (тауарды) бақылау мақсатында сатып алу нәтижелері туралы №3 25.08.2026 жылғы актісіне сәйкес техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін өнімдер:  

1) Ер балаларға арналған жиынтық, өндірушісі- көрсетілмеген.

2) Ер балаларға арналған мектеп жидесі, өндірушісі- Түркия.

3) Мектепке арналған қыз балалар арқақоржыны, өндірушісі- көрсетілмеген.

4) Қыз балаларға арналған жиде, өндірушісі- Қырғызстан.

5) Қыз балаларға арналған белдемше, өндірушісі- Қырғызстан.

6) Ер балаларға арналған  кеудеше, өндірушісі- көрсетілмеген.

7) Ер балаларға арналған шалбар, өндірушісі- көрсетілмеген.

8) Кроссовка, өндірушісі- көрсетілмеген.

9) Ер балалар арналған мектеп арқақоржыны, өндірушісі- көрсетілмеген.

10) Спорттық футболка, өндірушісі- көрсетілмеген.

  1. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ақтөбе облысының  санитариялық- эпидемиологиялық  бақылау департаменті  Мәртөк аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
  2. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім):_тартылмады
  3. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 02.09.2026 ж - 03.09.2026 ж._______
  4. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар жеке кәсіпкер «Камшад», Мынжанова К.С., «Шығыс» базары, 2 қабат, Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Мәртөк ауылы, Байганин көшесі, 113.
  5. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімнің қауіпсіздігін растайтын сәйкестікті бағалау (растау) туралы құжаттары жоқ, яғни Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 797 шешімімен бекітілген 007/2011 «Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімнің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентінің 12- бабының бұзушылығы болып табылады.   
  6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: жеке кәсіпкер «Камшад».
  7. Қабылданған шаралар: Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына және (немесе) Бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкес келмейтін (сәйкес келмейтін) өнімді (тауарды) алып қою және өткізуден кері қайтарып алу туралы жедел ден қою шараларын қолдану туралы Мәртөк ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №6 03.09.2026 жылғы қаулысы берілді.

 

 

Жарияланған күні

07 қыркүйек 2026 14:54

Жаңарту күні

07 қыркүйек 2026