Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

Халықтың санитариялық-
 эпидемиологиялық
 саламаттығы саласындағы 
 тергеп-тексеру жүргізу 
 қағидаларына
 7-қосымша

Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

 1.Тергеп-тексеру жүргізудің негізі 20.07.2026 жылғы №2581 шұғыл хабархат.

  1. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Ақтөбе қалалық санитариялық-эпдемиологиялық бақылау басқармасы.
  2. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім) тартылмады.
  3. Тергеп-тексеружүргізумерзімі 21.07.2026-30.07.2026 ж.
  4. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар "Несібе11"ЖШС «Айбөпе» бала бақшасы БСН 221140035856 Мекен-жайы:Ақтөбе қаласы,Қарғалы тұрғын аумағы 12М үй.
  5. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының  себептері мен сипаты - бұзушылық анықталды.

Шайындыларды микробиолгиялық зерттеу хаттамасы №2260002188213595- 24.07.2026 ж, нәтижесінде– орамжапырақ ойыншығынан,жүзім ойыншығынан,ішек таяқшалар тобының бактериясы анықталды.Бұл, "Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 бұйрығы 5 тарау 85 тармағының бұзушылығы болып табылады.

Шайындыларды микробиолгиялық зерттеу хаттамасы №2260002188213595- 24.07.2026 ж, нәтижесінде-№1 ас үстелден,подностан,холодильниктен анықталды ішек таяқшалар тобының бактериясы анықталды.Бұл "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы  ҚР ДСМ-16 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2023 жылғы 4 сәуірдегі № 58 бұйрығының 4 тарауының, 55, 58 тармағының бұзушылығы болып табылады.

Тамақ өнімдерін микробиологиялық зерттеуге 5 тамақ алынған (№2260002188213781-27.07.2026ж,манка ботқасы,қызылша сорпасы,плов,жұмыртқа ботқасы,бидай ботқасы алынды)-нәтижесінде манка ботқасынан,қызылша сорпасынан ішек таяқшасы тобындағы бактериялар табылды.Бұл, Кеден одағы комисииясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы шешімімен бекітілген ТРТС талаптарына сәйкес келмейді, №880 ТР КО 021/2011 тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы 1,8 тармағы, 1 кесте, 2 қосымшаның бұзушылығы болып табылады.                                                             

  1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар :"Несібе11"ЖШС «Айбөпе» бала бақшасы БСН 221140035856 Мекен-жайы:Ақтөбе қаласы,Қарғалы тұрғын аумағы 12М үй

8.Қабылданған шаралар- әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырып, екі жеке тұлғаға 43250 теңгеге айыппұл салынды.  

 

Жарияланған күні

30 шілде 2026 16:59

Жаңарту күні

30 шілде 2026