Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
|
Халықтың санитариялық- |
Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
- Тергеп-тексеру жүргізудің негізі 2026 жыл, 13 сәуір №1517 «Жедел ішек инфекцияы», ауыр түрі шұғыл хабархат
- Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Ақтөбе қалалық санитариялық-эпдемиологиялық бақылау басқармасы.
- Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім) тартылмады.
- Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі 14.04.2026 - 23.04.2026 ж.
- Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар «Ясли сад НурКаз-Балдаурен» ЖШС, «НурКаз-Балдаурен» бөбекжай балабақшасы, Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Жаңақоныс тұрғын үй алабы, 4 А үй
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты:
Шайындыларды микробиолгиялық зерттеу хаттамасы №2260002187306814 - 20.04.2026 ж, нәтижесінде №2 ойыншыққа арналған сөреден, шәйнектен, етке арналған үстелден, №2 катрюльден, піскен көкөніске арналған пышақтан, ожаудан, сүзгіден ішек таяқшаларының тобының бактериясы анықталды. Бұл Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы ҚР ДСМ-16 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Респу бликасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2023 жылғы 4 сәуірдегі № 58 бұйрығының 4 тарауының, 55, 58 тармағының бұзушылығы және "Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 бұйрығының 4 тарау, 64 тармағының бұзушылығы болып табылады.
2026 жылдың 20 сәуірдегі №2260002187306995 тамақ өнімдерін микробиологиялық зерттеу хаттамасына сәйкес алынған манна ботқасы, вермишель ботқасынан ішек таяқшалар тобындағы бактериялар анықталды. Яғни тағамды дайындау технологиясы дұрыс жүргізілмейді. Бұл, Кеден одағы комисииясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы шешімімен бекітілген ТРТС талаптарына сәйкес келмейді, 880 ТР КО 021/2011 тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы 1,8 тармағы, 1 кесте, 2 қосымшаның бұзушылығы.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар «Ясли сад НурКаз-Балдаурен» ЖШС, «НурКаз Балдаурен» бөбекжай балабақшасының директоры С.Г. Жумиев
8.Қабылданған шаралар: әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырып, 43250 теңгеден 2 жеке тұлғаға айыппұл салынды.
3
08 мамыр 2026 15:27
08 мамыр 2026