Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен 2023 жылдың 20-22 қыркүйек аралығында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Нұрғиса Тілендиев атындағы Республикалық дирижерлер конкурсы өтеді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен 2023 жылдың 20-22 қыркүйек аралығында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Нұрғиса Тілендиев атындағы Республикалық дирижерлер конкурсы өтеді.
Конкурстың Ашылу салтанаты филармонияның Үлкен залында 20-қыркүйек күні сағат 10.00-де басталады.
2023 жылдың 22-ші қыркүйек күні сағат 19.00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының үлкен залында конкурс жеңімпаздарының қатысуымен Гала-концерттің өтуі жоспарланып отыр.
Конкурстың басты мақсаты:
1) Қазақстандық дирижерлік мектептің дәстүрлерін сақтау және одан әрі дамыту;
2) Жаңа есімдерді шығару және таныту, дирижерлік өнер саласында талантты жастардың кәсіби өсуіне жағдай жасау;
3) Дарынды және талантты музыканттарды анықтау және ынталандыру, Қазақстанның мәдени имиджін арттыру.
Конкурсқа Қазақстан Республикасының Мәдениет және өнер саласындағы 18 бен 35 жасқа дейінгі дирижерлері және жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.
Қазіргі таңда аталмыш байқауға 22 қатысушы өтінім беріп отыр – Астанадан (4), Алматы (8), Шымкент (2), Петропавл (1), Атырау (2), Павлодар (1), Орал (1), Қарағанды (1) және Талдықорған (2).
Қатысушылар Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының Нұрғиса Тілендиев атындағы «Отырар сазы» Академиялық фольклорлы-этнографиялық оркестрінің сүйемелдеуімен музыкалық шығармаларды орындайды.
Конкурс 2 кезеннен тұрады.
Конкурстың нәтижесін 22-ші қыркүйек күні құзіретті қазылар алқасы қорытындылайды.
Конкурс номинациялары бойынша - Гран-при, І орын, ІІ орын, ІІІ орын, диплом және «Нұрғиса Тілендиевтің шығармаларын үздік орындағаны үшін» дипломы беріледі.
2025 жылы Н.Тілендиевтің 100 жылдығы халықаралық және республикалық деңгейде кеңінен аталып өтеді деп күтілуде. 2023 жылғы бұл жас дирижерлер конкурсы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен осы айтулы іс-шараның қарсаңында өтеді. Конкурстың ашылу мен жабылу салтанатына Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, БАҚ, зиялы қауым, айтулы мәдениет өнер қайраткерлері қатысады.
Байланыс: +7 7017518985 Мәриям Алиасқарқызы
E-mail: philarmon@mail.ru
Сайт: https://jambyl-philharmonic.kz/
Инстаграм: kazakh.philharmonic
Фейсбук/YouTube: Казахская государственная филармония им.Жамбыла
Телеграм: Филармония им.Жамбыла
Конкурстың қағидалары Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының jambyl-philharmonic.kz интернет-ресурсында орналастырылды.
Ұйымдастыру комитетінің байланыс деректері, тел.: 8 727 291 7149, +7 707 932 16 98,
e-mail: kazakh.philharmonic@mail.ru