16 ақпан күні Халықтар Достығы мен мәдениет үйінде елімізге танымал әнші, Қазақстан халық әртісі Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына арналған «Күміс көмей әнші Роза» атты танымдық сазды кеш өтті.
Кеште Р.Бағланованың репертуарынан Е.Хасанғалиевтің «Әдемі-ау» әнін Тентек Жакупова, «Сәулем-ай» халық әнін «Әсем-ай» ансамблі, «Айналайын» әнін Талап клубының өнерпаздары орындады. «Ах,самара городок» әнін Жұмажанова Мейрамкүл орындады.


