Ағымдағы жылғы ұлттық халық санағын сапалы өткізу мақсатында 2021 жылғы 1 мамыр – 1 қараша кезеңінде әкімшілік-аумақтық бірліктерді құру, тарату және қайта ұйымдастыру, сондай-ақ елді мекендердің құрамдас бөліктерінің атауын өзгерту, қайта атау туралы мәселелер уақытша тоқтатылуына байланысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Анықтама:2016 жылы Талап селосындағы Советская көшесі Дүйсенбек Бектепбергенов көшесі болып ауысты.
2017 жылы Талап селосындағы Комсомольская көшесі Болашақ көшесі болып ауысты.
2018-2019 жылдары идеологиялық тұрғыдан ескірген 18 көше атауы дәстүрлі атаулармен ауысты.
2018-2019 жылдары Металлургтер алаңы Қаныш Сәтбаев алаңы болып өзгертілді; Малшыбай селосындағы атауы жоқ 5 көше атауы дәстүрлі атаулармен ауысты.
2019-2020 жылы Кеңгір селосы Теректі станциясының атауы жоқ 4 көшелері дәстүрлі атаулармен өзгертілді).
Жезқазған қаласында жалпы елді-мекеннің саны – 6. Олар: Кеңгір, Малшыбай, Талап, Қорғанбай селолары, Теректі, Түйемойнақ станциялары. Құрамдас бөліктер саны – 192.
2022 жылы 10-нан аса идеологиялық тұрғыдан ескірген көше атауларын (мыс: М.Кутузов, Н.Крупская, Г.Плеханов, Балочная көшесі, Пирогова көшесі, Орджоникидзе көшесі, Белинский көшесі, Мир даңғылы) өзгерту бойынша жұмыстары қолға алынды, қазіргі таңда ұсыныстар қаралуда.
Ескерте кететін жайт: Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің 2017 жылғы тапсырмасына сәйкес объектілерге, көшелерге атау беру, қайта атау бойынша кісі есімдерін беруге мейілінше шектеу қойылып отыр. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы республикалық комиссиясының отырысында тарихи тұлғалар, жер-су, дәстүрлі атауларының тізімі бекітілген болатын. Осы заңнама талаптарына сәйкес көше атаулары беріледі.