ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас сарапшысы (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне 2023 жылғы 15 наурыз аралығында) (негізгі қызметкердің осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығу құқығы бар)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Педагогика және психология
  • Құқық
  • Білім (білім саласы)
  • Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
  • Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
  • Бастапқы әскери дайындық
  • Дефектология
  • Музыкалық білім
  • Бейнелеу өнері және сызу
  • Дене шынықтыру және спорт
  • Математика
  • Физика
  • Информатика
  • Химия
  • Биология
  • Тарих
  • Құқық және экономика негіздері
  • География
  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілі мен әдебиеті
  • Шетел тілі: екі шетел тілі
  • Кәсіптік оқыту
  • Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
  • Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
  • Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
  • Халықаралық қатынастар
  • Филология
  • Аударма ісі
  • Шетел филиологиясы
  • Құқық (білім саласы)
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Психология
  • Экономика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
  • Электр энергетикасы
  • Стандарттау, сертификаттау және метрология
  • Қаржы
  • Білім (химия)
  • Жаратылыстану ғылымдары (биология)
  • Жаратылыстану ғылымдары: математика
  • Жаратылыстану ғылымдары: Информатика
  • Жаратылыстану ғылымдары: физика
  • Жаратылыстану ғылымдары: химия
  • Жаратылыстану ғылымдары: биология
  • Білім: математика
  • Білім: физика
  • Білім: информатика
  • Білім: биология

Функционалды міндеттер

Білім туралы  құжаттарды тану, нострификациялау, білім беру қызметін лицензиялау және білім туралы  құжаттарды апостильдеу саласында нормативтік құқықтық базаны дайындауға және жетілдіруге қатысу; білім беру қызметін лицензиялау, шетелде берілген білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау және Қазақстан Республикасында берілген білім туралы құжаттарға апостильдеу саласындағы заңнаманы қолдану тәжірибесін талдау мен жалпылау және оны жетілдіру бойынша ұсыныс енгізу; білім туралы құжаттарды тану және нострификациялауға ұсынылған құжаттарды сараптау жұмыстарына қатысу; шетелде берілген білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау рәсімін жүзеге асыруға бақылау жүргізу; білім туралы құжаттарды апостильдеу бойынша мәліметтер базасын қалыптастыру; Қазақстан Республикасында берілген білім туралы құжаттарға апостиль қою бойынша аумақтық органдардың қызметін үйлестіру; жетекшілігіндегі мәселелер бойынша жинақтық статистикалық есепті жинау, өңдеу, талдау және дайындау; білім беру ұйымдарының лицензиялауға тапсырған құжаттарына сараптама жүргізу жұмыстарын ұйымдастыру және жүзеге асыру; лицензиялар және/немесе лицензияға қосымшаларды беруге дейін өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру; білім беру қызметіне берілген лицензиялар және/немесе лицензияға қосымшалар туралы мәліметтер базасын қалыптастыру; білім беру қызметін лицензиялау мәселелері бойынша шешімдер жобасын дайындау; лицензиялау мәселелері бойынша жинақтық статистикалық есепті жинау, өңдеу, талдау және дайындау; басқарма құзырындағы сұрақтар бойынша нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды дайындауға қатысу; басқарманың, аумақтық органдардың қызметтерінің негізгі бағыттары бойынша талдамалық және ақпараттық материалдарды даярлау; басқарманың құзыреті шегінде ҚР білім және ғылымды бақылау саласындағы стратегиялық жоспарларға, бағдарламалық құжаттарға ұсыныстар қалыптастыруға қатысу және стратегиялық жоспарлар мен бағдарламалық құжаттардың орындалуы туралы ақпарат дайындау; аумақтық органдардың қызметін жетілдіру мәселелері бойынша семинарларды, жиналыстарды және басқа да шараларды ұйымдастыру мен өткізу; Комитеттің аумақтық органдар қызметін жетілдіру және жетекшілік ететін мәселелер бойынша нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды әзірлеу; білім беру қызметін лицензиялау мәселелері бойынша аумақтық органдардың қызметін үйлестіру; мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыру бойынша, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу бойынша және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен, хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асырылатын білім беру ұйымдарының қызметін тоқтата тұру бойынша аумақтық органдардың қызметіне мониторинг жүргізу; басқарманың жұмыс жоспарын әзірлеуге және оның қызметі туралы есеп дайындауға қатысу; басқарманың құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан түскен өтініштерге жауап (материалдар) дайындау; құзыреті шегінде өзге де жұмыстарды орындау.

Жарияланған күні: 04.06.2020

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

05.06.2020 – 09.06.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

    Құжаттарды жіберу

    Сұхбаттасу күні

    12.06.2020

    Сұхбаттасу орны

    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, 11 кіреберіс

    Анықтама алу үшін байланыс

    8 (7172) 74-22-50, 8 707 649 69 68