ҚР БжҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Атырау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы

Аймақ

Атырау облысы

Санат

C-O-4 (Бөлімінің басшысы, сот орындаушысы)

Орташа лауазымдық айлықақы

268344

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  8. сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Білім (білім саласы)

Функционалды міндеттер

БЛОК (А),

1) Жергілікті басқару  органдарының Департамент құзырлығына жататын бақылау функцияларының қызметін іске асыру;

2) Білім беру ұйымдарына,меншік түріне және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мемлекеттік жалпыға  міндетті  білім беру стандартын,Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамалары мен құқықтық актілерінің орындалуына мемлекеттік бақылауды жүргізу;

3) Бақылау және тексеру шараларының қорытындысы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру,әкімшілік құқық бұзушылық баптар бойынша әкімшілік шара қолдану,Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»Кодексіне сәйкес білім беру саласынынң құзыретіне жататын іс қозғау және сот органдарына жолдау,сот процесстеріне қатысу;

4) Өз құзіреті аясында Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы анықталған бұзушылықтарды белгіленген мерзімінде жою туралы нұсқаманы ұсыну;

5) Әкімшілік іс-тәжірибе бойынша жұмыстар жүргізу,сонымен қатар әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша  мәліметтер базасын құру;

6) Білім беру ұйымдарындағы жүргізілген тексерулер  және профилактикалық бақылаудың есеп санын үнемі және үздіксіз жүргізу,сонымен қатар  тексеру парағына сәйкес анықталған бұзушылықтарды және оларға қолданылған әкімшілік шараларды жүргізу;

7) бару арқылы және бармай профилактикалық бақылауды,тексеруді жүргізетін білім беру субъектілерін іріктеуге және тексеруді жүргізу жоспарын құруға қатысу;

8) бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды,тексеруді тағайындау туралы актіні құқықтық статистика органдарына мемлекеттік тіркеуді жүргізу;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Департамент құзырлығына жататын сұрақтарды талдауға,ғылыми және басқа мекемелерді сонымен қатар жеке ғалымдарды, педагогтарды,мамандар мен сарапшыларды тарту;

10) мемлекеттік бақылау жүргізу үшін білім беру саласындағы білікті мамандар қатарынан алынған сарапшылардың мәліметтері қорын құру;

11) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары негізінде бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімін құру;

12) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық заңнамасында көрсетілген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру және оларды сот органдарына жолдау;

13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Департамент құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында,талап арызбен сотқа жүгіну;

14) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көрсетілген тәртіппен білім беру ұйымының қызметін тоқтату;

15) білім сапасын сырттай бағалау білім беру мониторингісін ұйымдастыру және өткізуге қатысу;

16) мектептер,кәсіптік және техникалық білім беру мекемелерінде,балалар үйі Қамқоршылық кеңес отырыстарына бақылаушы ретінде қатысу;

17) Департаментте құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыру;

18) Департамент құзырлығына жататын мәселелер бойынша комиссия,жұмыстық топ жұмыстарына қатысу;

19) өз құзырлығы аясында Қазақстан Республикасының білім саласында нормативтік-құқықтық актілерді өзгерту бойынша ұсыныстар әзірлеу;

20) білім және ғылым саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмысын жүргізу;

21) Департамент құзырлығына жататын сұрақтар бойынша түсіндірме жүргізу;

22) Департамент қызметінің негізгі бағыттары бойынша талдамалық және ақпараттық материалдар дайындау;

23) Қазақстан Республикасы білім және ғылым саласындағы бақылау аясындағы стратегиялық жоспарларға, бағдарламалық құжаттарға ұсыныстар дайындауға қатысу;

24) Департамент жоспарын дайындауға қатысу және оның қызметі туралы есептер дайындау;

25) семинарлар, кеңестер және басқа шараларды ұйымдастыру және өткізу;

26) аналитикалық материалдарды, есептерді дайындау;

27) департамент құзырына жататын жеке және заңды тұлғалардан,сондай-ақ мемлекеттік органдардан келіп түскен өтініштер бойынша жауаптарды (материалдарды) дайындау;

28) негізгі мәселелерді шешу бойынша тапсырмаларды уақытылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету;

29) құзырлығы аясында басқа өкілеттілікті жүзеге асыру;

30) мемлекеттік қызмет персоналы бойынша («Е-қызмет» ЫАЖ) бірыңғай автоматтандырылған мәліметтер базасын қалыптастыру бойынша Департамент жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру;

31) Департамент басшысының тапсырмасы бойынша басқа да міндеттерді атқарады;

32) жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен, оның ішінде «е-Өтініш» ақпараттық жүйесінде жұмыс жасау барысында уақытылы, сапалы және белгіленген мерзімде шараларды қабылдау

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 20.05.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

23.05.2022 – 25.05.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

27.05.2022

Сұхбаттасу орны

Атырау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті, Атырау қаласы, Ғұмаров көшесі, 96

Анықтама алу үшін байланыс

8(7122)763152