Білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы, C-О-4 санаты (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің жүктілігі мен босануына байланысты демалысы уақытына – 05.07.2022 ж. дейін)
Ақтөбе облысы
268344
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқық
- Білім (білім саласы)
- Халықаралық құқық
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Менеджмент
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
Қосымша талаптар
Функционалды міндеттер
- Бөлім қызметін ұйымдастыру, басшылық жасау, жоспарлау және реттеу.
- Білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру үшін ұсыныстар, Қазақстан Республикасының білім және ғылым бақылау саласындағы стратегиялық жоспарларға, бағдарламалық құжаттарға ұсыныстарды дайындау және Департаменттің, бөлімнің құзыретіне жататын стратегиялық жоспарлар мен бағдарламалық құжаттардың орындалуы туралы ақпаратты дайындау бойынша қызметті үйлестіру.
- Заңды тұлғаларға білім беру қызметімен айналысу құқығына лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру, қайта рәсімдеу жұмыстарын жүргізуді бақылау.
- Заңды тұлғалардың білім беру қызметімен айналысу үшін лицензиялауға ұсынған құжаттарына сараптама жүргізу, үйлестіру.
- Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған тәртіпте өтініш берушіге рұқсаттар және (немесе) оған қосымшаны беруге дейін біліктілік талаптарына сәйкестігін бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу және жүргізу жұмыстарын үйлестіру, бақылау.
- Мемлекеттік қызмет алушыларды мемлекеттік қызметтің көрсетілу тәртібі туралы ақпараттандыруды қамтамасыз ету және бақылау.
- Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде хабарламалар қабылдау жұмысын үйлестіру және бақылау.
- Ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттауды өткізу.
- Білім беру ұйымдарында, меншік түріне және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамалары мен құқықтық актілерінің орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.
- Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды, тексеруді тағайындау туралы актіні құқықтық статистика органдарына мемлекеттік тіркеуді жүргізу.
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Департамент құзырлығына жататын сұрақтарды талдауға, ғылыми және басқа мекемелерді, сонымен қатар жеке ғалымдарды, педагогтарды, мамандар мен сарапшыларды тарту.
- «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесінің сапалы және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету.
- Білім беру қызметін лицензиялау комиссиясының жұмысын реттеу.
- Департамент пен бөлім қызметінің сұрақтары бойынша кіріс корреспонденцияның мерзімінде орындалуын бақылау.
- Департамент басшысының бұйрықтар жобасын дайындау.
- Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу.
- Білім беру саласындағы мониторингтік қызметті жүзеге асыруға қатысу.
- «Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызметтің көрсетілуіне бақылау жасау.
- Жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштерді есепке алу және тіркеу жұмыстарын бақылау.
- Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
- Департамент пен бөлімнің құзыретіне жататын жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан түскен өтініштерді қарау және жауаптарын (материалдар) дайындау.
- Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басқа ведомстволармен және облыстық құрылымдармен, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарымен, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру.
- Персоналды басқару қызметі аясында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы заңнамасын жүзеге асыру және Е-қызмет жүйесінің жұмысын жүргізу.
- Департамент қызметін жариялау бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жүргізу.
- Департаментте құқықтық оқытуды жүргізу жұмыстарын үйлестіру.
- Департамент құзыретіне жататын сұрақтар бойынша жұмыс топтарының, комиссиялардың жұмысына қатысу.
- Құзыретіндегі сұрақтар бойынша материалдар мен есептер жинақтау, сараптау, тапсыру.
- Департамент, бөлім құзыретіне кіретін білім беру саласындағы сұрақтар бойынша жергілікті атқарушы органдарды, білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне кеңес беру.
- Бөлім қызметкерлерімен Департамент басшылығының тапсырмалары мен бұйрықтарын мерзімінде орындауды қамтамасыз ету.
- Бөлім қызметкерлерімен еңбек тәртібін, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң нормаларын, әдеп нормаларын сақтауды қамтамасыз ету.
- Бөлім, Департамент құзыретіне кіретін басшылықтың басқа да тапсырмаларын орындау.
Блок "Б"
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 17.05.2022
- 030002, Ақтөбе қаласы, Н.Қобландин көшесі, 10
-
8 (7132) 41-44-58, 41-44-31
Сондай-ақ, конкурс қатысушыларының есіне саламыз, Сіз конкурс комиссиясының шешіміне ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне Әбілқайыр-хан даңғылы, 40 (анықтама телефоны: 54-56-57) мекен-жайы бойынша шағымдануға құқылысыз.