ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті Алматы қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

C-O-4 (Бөлімінің басшысы, сот орындаушысы)

Орташа лауазымдық айлықақы

268344

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  8. сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Білім (білім саласы)
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық

Функционалды міндеттер

Заңды тұлғаларға білім беру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиялар және (немесе) лицензияға қосымшалар беру немесе лицензияларды қайта ресімдеу жөніндегі рәсімдерді ұйымдастыру және жүргізу

Заңды тұлғаларға "Е-лицензиялау"электрондық базасы арқылы білім беру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиялар және (немесе) лицензияға қосымшалар беру немесе лицензияларды қайта ресімдеу бойынша рәсімдерді жүргізу;

Білім беру қызметін лицензиялауға ұсынылған заңды тұлғалардың құжаттарына сараптама жүргізу;

Лицензия беру, қайта ресімдеу, беруден дәлелді бас тарту бойынша департамент бұйрықтарының жобаларын немесе оған қосымшаларды дайындау;

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейін өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігіне бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асырады;

Субъектіге бару арқылы тексеруді және профилактикалық бақылауды тағайындау туралы актіні құқықтық статистика органдарында мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы тұтынушылардың хабардар болуын қамтамасыз ету;

Қызметін хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының қызметін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен тоқтата тұрады

Штаттық кесте бойынша осы лауазым "Б" функционалдық блогына жатады (грейд 6).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 12.05.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

13.05.2022 – 17.05.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

19.05.2022

Сұхбаттасу орны

Алматы қаласы, Жамбыл көшесі 25 үй, Қонаев көшесінің қиылысы, Абай атындағы ҚазҰПУ ғимараты, 3 этаж, 54 кабинет

Анықтама алу үшін байланыс

Қайранбаева Айжан Түсіпбекқызы кадр қызметіне жауапты маман, тел. 225-18-77, 87752921582