ҚР БжҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Атырау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас маманы

Мемлекеттік орган

Аймақ

Атырау облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

236338

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Білім (білім саласы)
  • Құқық (білім саласы)

Қосымша талаптар

 

 

Функционалды міндеттер

Блок (А).

Білім беру ұйымдарына, меншік түріне және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мемлекеттік жалпыға  міндетті  білім беру стандартын, Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамалары мен құқықтық актілерінің орындалуына мемлекеттік бақылауды жүргізу; бақылау және тексеру шараларының қорытындысы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру, әкімшілік құқық бұзушылық баптар бойынша әкімшілік шара қолдану, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес білім беру саласынының құзыретіне жататын іс қозғау және сот органдарына жолдау,сот процесстеріне қатысу; өз құзіреті аясында Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы анықталған бұзушылықтарды белгіленген мерзімінде жою туралы нұсқаманы ұсыну; әкімшілік іс-тәжірибе бойынша жұмыстар жүргізу, сонымен қатар әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша  мәліметтер базасын құру; білім беру ұйымдарындағы жүргізілген тексерулер  және профилактикалық бақылаудың есеп санын үнемі және үздіксіз жүргізу, сонымен қатар  тексеру парағына сәйкес анықталған бұзушылықтарды және оларға қолданылған әкімшілік  шараларды жүргізу; бару арқылы және бармай профилактикалық бақылауды, тексеруді жүргізетін білім беру субъектілерін іріктеуге және тексеруді жүргізу жоспарын құруға қатысу; бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды, тексеруді тағайындау туралы актіні құқықтық статистика органдарына мемлекеттік тіркеуді жүргізу; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Департамент құзырлығына жататын сұрақтарды талдауға, ғылыми және басқа мекемелерді сонымен қатар жеке ғалымдарды, педагогтарды, мамандар мен сарапшыларды тарту; мемлекеттік бақылау жүргізу үшін білім беру саласындағы білікті мамандар қатарынан алынған сарапшылардың мәліметтері қорын құру; тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары негізінде бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімін құру; Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық заңнамасында көрсетілген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру және оларды сот органдарына жолдау; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Департамент құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында,талап арызбен сотқа жүгіну; Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көрсетілген тәртіппен білім беру ұйымының қызметін тоқтату; білім сапасын сырттай бағалау білім беру мониторингісін ұйымдастыру және өткізуге қатысу; мектептер,кәсіптік және техникалық білім беру мекемелерінде, балалар үйі Қамқоршылық кеңес отырыстарына бақылаушы ретінде қатысу; Департаментте құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыру; Департамент құзырлығына жататын мәселелер бойынша комиссия, жұмыстық топ жұмыстарына қатысу; өз құзырлығы аясында Қазақстан Республикасының білім саласында нормативтік-құқықтық актілерді өзгерту бойынша ұсыныстар әзірлеу; білім және ғылым саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмысын жүргізу; Департамент құзырлығына жататын сұрақтар бойынша түсіндірме жүргізу; Департамент қызметінің негізгі бағыттары бойынша талдамалық және ақпараттық материалдар дайындау; Қазақстан Республикасы білім және ғылым саласындағы бақылау аясындағы стратегиялық жоспарларға, бағдарламалық құжаттарға ұсыныстар дайындауға қатысу; Департамент жоспарын дайындауға қатысу және оның қызметі туралы есептер дайындау; семинарлар, кеңістер және басқа шараларды ұйымдастыру және өткізу; аналитикалық материалдарды, есептерді дайындау; персоналды басқару қызметіне (кадр қызметі) байланысты қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес  құжаттарды жүргізу; жылдық, тоқсандық, айлық есептілікті, құзырлы органдарға жолдау; Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының орындаулы жөніндегі қызметті үйлестіру; кадр мәселесіне қатысты мемлекеттік қызмет істері органдармен өзара әрекет етуді жүзеге асыру; «Е-қызмет»электронды деректер қорына мәлеметтерді еңгізуді жүргізу; қызметкерлердің жеке істерін жүргізу,табыстары мен мүліктері туралы декларацияны тапсыруын ұйымдастыру; Департаменттің негізгі, жеке құрам бойынша тіркейтін бұйрықтар журналының нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жүргізулуін қамтамасыз ету және бақылау; Департаменттің жұмыс регламентін, штаттық бірлігіндегі мемлекеттік әкімшілік санаттардың біліктілігін, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын  әзірлеу; Департамент Ережесіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды әділет органдарда тіркеуден өткізу; Департамент құзырына жататын жеке және занды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан келіп түскен өтініштер бойынша жауаптарды (материалдарды)  дайындау; негізгі мәселелерді шешу бойынша тапсырмаларды уақытылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету; құзырлығы аясында басқа өкілеттілікті жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 09.03.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

10.03.2022 – 18.03.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

28.03.2022

Сұхбаттасу орны

«Атырау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті» ММ, Атырау қаласы, Гумарова көшесі, 96

Анықтама алу үшін байланыс

Телефон 87122/49-20-51