Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Маңғыстау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы, C-O-4 (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті
Маңғыстау облысы
126357 - 170599
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
- Педагогика және психология
- Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы
- Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
- Қызмет көрсету (білім беру саласы)
- Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
- Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
- Дефектология
- Музыкалық білім
- Бейнелеу өнері және сызу
- Дене шынықтыру және спорт
- Математика
- Физика
- Информатика
- Химия
- Тарих
- Құқық және экономика негіздері
- География
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілі мен әдебиеті
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Кәсіптік оқыту
- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
- Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Әлеуметтану
- Психология
- Экономика
- Менеджмент
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Статистика
- Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
- Іскерлік әкімшілікжүргізу
Қосымша талаптар
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
4) өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
5) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында бір жылдан кем емес;
6) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
7) ғылыми дәрежесінің болуы;
8) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
9) сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
- «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрагасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелінген бұйрығына сәйкес.
Функционалды міндеттер
- Бөлім қызметін ұйымдастыру, басшылық жасау, жоспарлау және реттеу;
- Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Министрлік пен Комитет басшылығының актілері мен тапсырмаларының, Департаменттің жыл сайынғы жұмыс жоспарының тармақтарын белгіленген мерзімде және толық көлемде орындалуына бақылауды жүзеге асыру;
- жергілікті басқару органдарының Департамент құзырлығына жататын бақылау функцияларының қызметін іске асыру;
- меншік түріне және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарында мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының, Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамалары мен құқықтық актілерінің орындалуына мемлекеттік бақылауды жүргізу;
- бақылау және тексеру шараларының қорытындысы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру, әкімшілік құқық бұзушылық баптар бойынша әкімшілік шара қолдану;
-Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес білім беру саласының құзыретіне жататын іс қозғау және сот органдарына жолдау, сот процесстеріне қатысу;
- өз құзыреті аясында Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы анықталған бұзушылықтарды белгіленген мерзімінде жою туралы нұсқаманы ұсыну;
- әкімшілік іс-тәжірибе бойынша жұмыстарының жүргізілуін, сонымен қатар әкімшілік істердің бірегей реестрі (WebAП) бойынша тоқсандық есептің ҚР БП ҚСжАЕАЖК Маңғыстау облысы бойынша басқармасына уақытылы тапсырылуын бақылау;
- білім беру ұйымдарындағы жүргізілген тексерулер және профилактикалық бақылаудың есеп санын үнемі және үздіксіз жүргізу, сонымен қатар тексеру парағына сәйкес анықталған бұзушылықтарды және оларға қолданылған әкімшілік шаралардың есебін жүргізу;
- бару арқылы және бармай профилактикалық бақылауды, тексеруді жүргізетін білім беру субъектілерін іріктеуге және тексеруді жүргізу жоспарын құруды ұйымдастыру;
- бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды, тексеруді тағайындау туралы актіні құқықтық статистика органдарына мемлекеттік тіркеуді жүргізу;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Департамент құзырлығына жататын сұрақтарды талдауға, ғылыми және басқа мекемелерді, сонымен қатар жеке ғалымдарды, педагогтарды, мамандар мен сарапшыларды тарту;
- Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық заңнамасында көрсетілген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру және оларды сот органдарына жолдау;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Департамент құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында, талап арызбен сотқа жүгіну;
- тексерулердің бірегей жүйесінде (ЕСП), әкімшілік істердің бірегей реестрі (WebAП) жүйелерінде тіркеу жұмыстарын сапалы жүргізу;
- әкімшілік іс қозғалған лауазымды және заңды тұлғалардың әкімшілік және қылмыстық жазаларға тартылғандығы /тартылмағандығын анықтау туралы ҚР БП ҚСжАЕАЖК Маңғыстау облысы бойынша басқармасына Талап жіберу;
- білім беру ұйымында мемлекеттік бақылау шараларын өткізу қорытындысында НОБД мәліметтерін анықтау және салыстыру есебін жинақтауды ұйымдастыру, бақылауды жүргізу;
- білім сапасын сырттай бағалау білім беру мониторингісіне қатысу және ұйымдастыру;
- мектептер, кәсіптік және техникалық білім беру мекемелерінде, балалар үйі Қамқоршылық кеңес отырыстарына бақылаушы ретінде қатысу және білім беру ұйымдарындағы Қамқоршылық кеңес қызметіне мониторинг жүргізілуін, есебінің мерзімінде Комитетке жолдануына бақылау жүргізу;
- Департаменттің БАҚ-пен бірлесе жұмыс жасауын жүргізу, медиа-жоспар құру, бекітуге ұсыну және орындалуын жүзеге асыру;
- Департамент қызметі туралы медиа жоспарға сәйкес қоғамдық қауымдастықты ақпараттандыру бойынша шараларды ұйымдастыру және өткізу;
- Департаменттің интернет-ресурсын қажетті материалдармен толықтыруды бақылау, қойылатын сұрақтарға жауаптар дайындауды ұйымдастыру;
- тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары негізінде бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімін құруды ұйымдастыру;
- білім беру ұйымдарына білім беру процесін құру бойынша әдістемелік және әдіснамалық көмек көрсетуді ұйымдастыру;
- жергілікті атқарушы органдардың, жетім балалар мен ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары, арнаулы білім беру ұйымдары және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдары бала құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы (балалардың білім алуға құқықтарын қамтамасыз ету, тамақтануды ұйымдастыру) бұзу фактілері анықталған кезде тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық іс жүргізуді қозғау үшін уәкілетті органдарға материалдар жіберуді ұйымдастыру;
- бала құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы, оның ішінде отбасы және балалар саласындағы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және оңтайландыру бөлігінде жетілдіру жөнінде ұсыныстар жіберуді ұйымдастыру;
- жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің мерзімінде тіркелуі мен қаралу тәртібінің сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
- бөлім құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша кіріс хаттардың уақытылы орындалуына бақылау жүргізу;
- жүргізілген жұмыс қорытындылары бойынша Комитетке мәліметтер ұсыну;
- Комитетке мемлекеттік бақылау шараларының қорытынды есебін, Департамент қызметінің жарты жылдық және жылдық есебін жолдау;
- Департаменттің мемлекеттік бақылау шаралары жоспарының уақытты орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
- мемлекеттік бақылаудың қорытындыларын облыс әкімдігіне, аудандық (қалалық), облыстық мәслихатқа, «Нұр Отан» партиясына, қоғамдық кеңестерге, облыстық білім басқармасына, аудандық (қалалық) әкімдіктерге жолдау;
- Департамент құзырлығына жататын мәселелер бойынша комиссия, жұмыстық топ жұмыстарына қатысу;
- өз құзырлығы аясында Қазақстан Республикасының білім саласында нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
-білім және ғылым саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу;
-Департамент құзырлығына жататын сұрақтар бойынша түсіндіру жүргізу;
- Департамент қызметінің негізгі бағыттары бойынша талдамалық және ақпараттық материалдар дайындау;
- Қазақстан Республикасы білім және ғылым саласындағы стратегиялық жоспарларға, бағдарламалық құжаттарға ұсыныстар дайындауға қатысу;
- семинарлар, кеңестер және басқа шараларды ұйымдастыру және өткізу;
- аналитикалық материалдарды, есептерді дайындау;
- Департамент құзырына жататын жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан келіп түскен өтініштер бойынша жауаптарды (материалдарды) дайындау;
- жаңа оқу жылына облыстағы білім беру ұйымдарының дайындығына зерделеу жүргізу (мониторинг бойынша);
- негізгі мәселелерді шешу бойынша тапсырмаларды уақытылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету;
- Әдеп нормаларының сақталуын қадағалау;
- Әдеп жөніндегі уәкіл қызметін атқару;
- Тәртіптік кеңестің комиссия жұмысын ұйымдастыру;
- Департамент мамандарының уақытша жұмыста болмаған кезеңінде өзара алмастыру тәртібімен қосымша міндеттер атқару;
- құзырлығы аясында басқа өкілеттілікті жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 17.11.2021
- Республика Казахстан, Мангистауская область, 130000, город Актау, 29А микрорайон, здание 43, пошта мекенжайы: Республика Казахстан, Мангистауская область, 130000, город Актау, 29А микрорайон, здание 43
-
87292400130, факс: 87292400131