ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне 2023 жылғы 17 қаңтарға дейін) (негізгі қызметкердің осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығу құқығы бар)
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті
Астана қаласы
154141 - 208294
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
- А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Педагогика және психология
- Құқық
- Білім (білім саласы)
- Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
- Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
- Бастапқы әскери дайындық
- Дефектология
- Музыкалық білім
- Бейнелеу өнері және сызу
- Дене шынықтыру және спорт
- Тарих
- Құқық және экономика негіздері
- География
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілі мен әдебиеті
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Кәсіптік оқыту
- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
- Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
- Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
- Халықаралық қатынастар
- Филология
- Аударма ісі
- Шетел филиологиясы
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Психология
- Экономика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
- Электр энергетикасы
- Стандарттау, сертификаттау және метрология
- Қаржы
- Білім (химия)
- Жаратылыстану ғылымдары: математика
- Жаратылыстану ғылымдары: Информатика
- Жаратылыстану ғылымдары: физика
- Жаратылыстану ғылымдары: химия
- Жаратылыстану ғылымдары: биология
- Білім: математика
- Білім: физика
- Білім: информатика
- Білім: биология
Функционалды міндеттер
Басқарманы басқару, басқарманың қызметін ұйымдастыру және жоспарлау; қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалар талаптарын сақтауын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру жұмыстарының жай-күйіне дербес жауапты болу, басқарма қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) нормаларының сақталуын бақылау; білім беру қызметін лицензиялау, шетелде берілген білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау, Қазақстан Республикасында берілген білім туралы құжаттарға апостиль қою саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу; нормативтік құқықтық құжаттардың жобасын әзірлеуге және жетілдіруге қатысу; заңды тұлғалардың лицензиялауға тапсырған құжаттарына сараптама жүргізу жұмыстарын ұйымдастыру; шетелде берілген білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау рәсімін, Қазақстан Республикасында берілген білім туралы құжаттарға апостиль қоюды іске асыруды бақылау; білім беру қызметін лицензиялау саласындағы заңнаманы қолдану тәжірибесін талдау мен жалпылау және оны жетілдіру бойынша ұсыныс енгізу; әдістемелік құжаттарды әзірлеу; Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Министрлік пен Комитет басшылығының актілері мен тапсырмаларының, Министрлік пен Комитеттің жыл сайынғы іс-әрекет жоспарының тармақтарын белгіленген мерзімде және толық көлемде орындалуына бақылауды жүзеге асыру; басқарманың, аумақтық органдардың қызметтерінің негізгі бағыттары бойынша талдамалық және ақпараттық материалдарды даярлау; басқарманың құзыреті шегінде ҚР білім және ғылымды бақылау саласындағы стратегиялық жоспарларға, бағдарламалық құжаттарға ұсыныстар қалыптастыруға қатысу және стратегиялық жоспарлар мен бағдарламалық құжаттардың орындалуы туралы ақпарат дайындау; аумақтық органдардың қызметін жетілдіру мәселелері бойынша семинарларды, жиналыстарды және басқа да шараларды ұйымдастыру мен өткізу; Комитеттің аумақтық органдар қызметін жетілдіру және жетекшілік ететін мәселелер бойынша нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды әзірлеу; басқарма құзыреті шегінде аумақтық органдардың қызметін үйлестіру және мониторинг жүргізу; басқарманың жұмыс жоспарын әзірлеу және оның қызметі туралы есеп дайындау; білім беру қызметін лицензиялау мәселелері бойынша заңды тұлғаларға консультация беру; білім туралы құжаттарға апостиль қою, тану және нострификациялау мәселелері бойынша жеке тұлғаларға консультация беру; басқармадағы атқару және еңбек тәртібін қамтамасыз ету; басқарма қызметі бағыттары бойынша талдамалық және ақпараттық материалдарды, қазіргі жағдайы бойынша есептері мен даму перспективалары жөнінде есептерді дайындауға жеке жауапты болады; Басқарма құзыреті шегінде статистикалық есептілік мәселелерін қолдау бойынша аумақтық органдардың қызметін үйлестіру; басқарманың құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан түскен өтініштерге жауап (материалдар) дайындау; құзыреті шегінде өзге де жұмыстарды орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 15.05.2020
- Мәңгілік ел даңғылы, 8, 11 кіреберіс
-
8 (7172) 74-22-50, 8 707 649 69 68