ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Ішкі әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық (білім саласы)
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық

Функционалды міндеттер

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың іске асырылуын бақылау; Комитеттің құрылымдық бөлімшелері әзірлейтін құқықтық актілердің жобаларын дайындауға қатысу; белгіленген тәртіппен Комитетке келісуге келген құқықтық актілердің жобаларын өз құзыреті шегінде қарау; Комитет Төрағасының, Министрлік бұйрықтарының жобаларын қарау және келісу; Комитет қызметі жайлы құқықтық мәселелерін қарастыру кезінде белгіленген тәртіпте Комитеттің мүдделерін сотта, сондай-ақ басқа ұйымдарда қорғау; Комитеттің аумақтық органдары мен құрылымдық бөлімшелеріне құқықтық көмек көрсету; тиісті сот талқылауына әкеліп соққан Комитеттің қатысуымен болған даулардың негізгі себептері мен шарттарын анықтау мақсатында қудалау жұмыстарының, сот тәжірибесінің жай-күйін талқылайды, оларды жою және кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту бойынша ұсыныстар енгізеді; заңда қарастырылған негіздемелер болған жағдайда Комитет пайдасына шешілмеген сот актілеріне шағымдану шараларын қабылдау үшін  барлық сот инстанцияларына, сонымен қатар заңда белгіленген тәртіппен прокуратура органдарына қадағалау тәртібінде өз құзыреті шегінде қарсылығын білдіріп, жүгінеді; заңды күшіне енген сот актілерін орындау жөніндегі шараларды қабылдауды қамтамасыз ету, Комитет басшыларының бақылаудағы тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындалуын қамтамасыз ету; құзыреті шегінде   нормативтік құқықтық актілер мониторингін өткізу; құзыреті шегінде тиісті мемлекеттік органдарға есептер мен ақпараттарды уақытында дайындау және ұсыну; Қазақстан Республикасы заңнамасын насихаттау жөніндегі жыл сайынғы іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру; Комитетте құқықтық  жалпы оқытуды ұйымдастыру;  Комитет туралы және аумақтық органдар туралы ережелерін дайындау; басқарманың құзыреті шегінде аумақтық органдармен өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету; басқарманың жұмыс жоспарын әзірлеу және оның қызметі туралы есеп дайындауға қатысу; басқарманың құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан түскен өтініштерге жауап (материалдар) дайындау; құзыреті шегінде өзге де жұмыстарды орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 21.05.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

24.05.2021 – 26.05.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

28.05.2021

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 11 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-22-50, 8-707-649-69-68