ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы бақылау басқармасының бас сарапшысы (2 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Педагогика және психология
  • Жерге орналастыру
  • Қызмет көрсету (білім беру саласы)
  • Білім (білім саласы)
  • Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
  • Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
  • Бастапқы әскери дайындық
  • Дефектология
  • Музыкалық білім
  • Бейнелеу өнері және сызу
  • Дене шынықтыру және спорт
  • Математика
  • Физика
  • Информатика
  • Химия
  • Биология
  • Тарих
  • Құқық және экономика негіздері
  • География
  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілі мен әдебиеті
  • Шетел тілі: екі шетел тілі
  • Кәсіптік оқыту
  • Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
  • Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
  • Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
  • Халықаралық қатынастар
  • Аударма ісі
  • Құқық (білім саласы)
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Әлеуметтану
  • Психология
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
  • Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы
  • Қаржы
  • Білім (химия)
  • Жаратылыстану ғылымдары (биология)
  • Жаратылыстану ғылымдары: математика
  • Жаратылыстану ғылымдары: Информатика
  • Жаратылыстану ғылымдары: физика
  • Жаратылыстану ғылымдары: химия
  • Жаратылыстану ғылымдары: биология
  • Білім: математика
  • Білім: физика
  • Білім: информатика
  • Білім: биология
  • Білім: география
  • Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)

Функционалды міндеттер

Нормативтік құқықтық актілерді және әдістемелік құжаттардың жобасын дайындау және жетілдіру; талдамалық материалдарды, есептерді дайындау; жетекшілік ететін мәселелер бойынша нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды әзірлеу; бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің тізімін дайындауға қатысу; білім беру ұйымдарымен  Қазақстан Республикасының білім саласында және лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау шараларын ұйымдастыру және жүргізу;  басқарма жоспарын және оның қызметі туралы есептердің дайындауына қатысу; басқарма жұмысына қажетті білім беру ұйымдарының қызметі туралы тиісті құжаттарын жинау; мемлекеттік бақылау нәтижелерінің қорытындысы бойынша Комитет бұйрықтары мен қаулы жобаларын дайындау; әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру; білім беру саласындағы заңнама бұзушылықтарын жою жөнінде нұсқаманы беру; әкімшілік істерді соттарға дайындап жіберу; сот процестеріне қатысу; білім саласындағы мемлекеттік бақылау жүзеге асыру және жетілдіру мәселелері бойынша аумақтық органдармен өзара әрекеттесу; басқарманың құзыреті шегінде басқарманың негізгі бағыттары бойынша талдамалық және ақпараттық материалдарды даярлау; басқарманың құзыреті шегінде ҚР білім және ғылымды бақылау саласындағы стратегиялық жоспарларға, бағдарламалық құжаттарға ұсыныстар қалыптастыруға қатысу және стратегиялық  жоспарлар мен бағдарламалық құжаттардың орындалуы туралы ақпарат дайындау; басқарманың құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан түскен өтініштерге жауап (материалдар) дайындау; негізгі мәселелердің шешімі бойынша тапсырмалардың уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету; басқармада іс жүргізумен айналысу; құзыреті шегінде өзге де жұмыстарды орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 05.05.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

06.05.2021 – 12.05.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

17.05.2021

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 11 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-22-50, 8-707-649-69-68