«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті» ММ-нің Білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік, индексі №01-3 (негізгі қызметкердің 2022 жылғы 31 шілдеге дейін оқу демалысында жалақысы сақталмайтын демалысы кезеңінде)

Аймақ

Ақтөбе облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146177

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Білім (білім саласы)
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Әлеуметтану
  • Саясаттану
  • Психология
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару

Функционалды міндеттер


Заңды тұлғалардың білім беру қызметін лицензиялауға ұсынған құжаттарға сараптама жүргізу. Қазақстан Республкасы заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензияны немесе лицензияға қосымша беруге дейін өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігіне субъектіге бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу. Тексеру және бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындау актісін құқықтық статистика органдарында мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру. Жергілікті басқару органдарының Департамент құзырлығына жататын бақылау функцияларының қызметін іске асыру. Білім беру ұйымдарында, меншік түріне және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамалары мен құқықтық актілерінің орындалуына мемлекеттік бақылауды жүргізу. Бақылау және тексеру шараларының қорытындысы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру, әкімшілік құқық бұзушылық баптар бойынша әкімшілік шара қолдану, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес білім беру саласының құзыретіне жататын іс қозғау және сот органдарына жолдау, сот процесстеріне қатысу. Қазақстан Республкасы заңнамасында белгіленген тәртіппен және ҚР БжҒМ бекітілген тізіміне сәйкес білім беру жүйесіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу. Өз құзыреті аясында Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы анықталған бұзушылықтарды белгіленген мерзімінде жою туралы нұсқаманы ұсыну. Бару арқылы және бармай профилактикалық бақылауды, тексеруді жүргізетін білім беру субъектілерін іріктеуге және тексеруді жүргізу жоспарын құруға қатысу. Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды, тексеруді тағайындау туралы актіні құқықтық статистика органдарына мемлекеттік тіркеуді жүргізу. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Департамент құзырлығына жататын сұрақтарды талдауға, ғылыми және басқа мекемелерді, сонымен қатар жеке ғалымдарды, педагогтарды, мамандар мен сарапшыларды тарту. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық заңнамасында көрсетілген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру және оларды сот органдарына жолдау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Департамент құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында, талап арызбен сотқа жүгіну. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көрсетілген тәртіппен білім беру ұйымының қызметін тоқтату. Тексерулердің бірегей жүйесінде (ЕСП), әкімшілік істердің бірегей реестрі (WebAП) жүйелерінде тіркеу жұмыстарын сапалы жүргізеді. Әкімшілік іс қозғалған лауазымды және заңды тұлғалардың әкімшілік және қылмыстық жазаларға тартылғандығы/тартылмағандығын анықтау туралы ҚР БП ҚСжАЕАЖК Ақтөбе облысы бойынша басқармасына Талап жібереді. Білім беру мекемелерінде мемлекеттік бақылау шараларын өткізу қорытындысы бойынша ҰБДҚ мәліметтерін анықтайды және салыстыру есебін тапсырады. Білім сапасын сырттай бағалау білім беру мониторингісін өткізуге қатысу. Мектептер, кәсіптік және техникалық білім беру мекемелерінде, балалар үйі Қамқоршылық кеңес отырыстарына бақылаушы ретінде қатысу. Департамент қызметі туралы медиа жоспарға сәйкес қоғамдық қауымдастықты ақпараттандыру бойынша шараларды ұйымдастырады және өткізеді. Департаменттің интернет-ресурсын қажетті материалдармен толықтырады, жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар дайындайды. Білім беру ұйымдарына білім беру процесін құру бойынша әдістемелік және әдіснамалық көмек көрсету. Жергілікті атқарушы органдардың білім басқармалары, жетім балалар мен ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары, арнаулы білім беру ұйымдары және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдары бала құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы (балалардың білім алуға құқықтарын қамтамасыз ету, тамақтануды ұйымдастыру) бұзу фактілері анықталған кезде тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық іс жүргізуді қозғау үшін уәкілетті органдарға материалдар жіберу. Бала құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы, оның ішінде отбасы және балалар саласындағы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және оңтайландыру бөлігінде жетілдіру жөнінде ұсыныстар жіберу. Департамент құзырлығына жататын мәселелер бойынша комиссия, жұмыстық топ жұмыстарына қатысу. Өз құзырлығы аясында Қазақстан Республикасының білім саласында нормативтік-құқықтық актілерді өзгерту бойынша ұсыныстар әзірлеу. Білім және ғылым саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмысын жүргізу. Департамент құзырлығына жататын сұрақтар бойынша түсіндірме жүргізу. Департамент қызметінің негізгі бағыттары бойынша талдамалық және ақпараттық материалдар дайындау. Қазақстан Республикасы білім және ғылым саласындағы бақылау аясындағы стратегиялық жоспарларға, бағдарламалық құжаттарға ұсыныстар дайындауға қатысу. Бөлімнің жұмыс жоспарын әзірлеуге және оның қызметі туралы есеп дайындауға қатысу. Семинарлар, кеңестер және басқа шараларды ұйымдастыру және өткізу. Аналитикалық материалдарды, есептерді дайындау. Департамент құзырына жататын жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан келіп түскен өтініштер бойынша жауаптарды (материалдарды) дайындау. Негізгі мәселелерді шешу бойынша тапсырмаларды уақытылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету. Департамент мамандарының уақытша жұмыста болмаған кезеңінде өзара алмастыру тәртібімен маманның міндеттерін атқарады. Құзырлығы аясында басқа өкілеттілікті жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 08.12.2020

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

09.12.2020 – 21.12.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

24.12.2020

Сұхбаттасу орны

Ақтөбе қ. Н.Қобыландин, 10

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7132) 41-44-31, 87782550783. Сондай-ақ, конкурс қатысушыларының есіне саламыз, Сіз конкурс комиссиясының шешіміне ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне Әбілқайыр хан даңғылы, 40 (анықтама телефоны: 54-56-57 немесе ватсап 8-705-202-06-70) мекен-жайы бойынша шағымдануға құқылысыз.