ҚР ОАМ Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті Атырау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің Білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы
Атырау облысының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті
Атырау облысы
298134
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Педагогика және психология
- Информатика
- Тарих
- Құқық және экономика негіздері
- География
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілі мен әдебиеті
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Құқықтану
- Химия-Биология
- Математика-Физика
Функционалды міндеттер
Блок "А".
- жергілікті басқару органдарының Департамент
құзырлығына жататын бақылау функцияларының қызметін іске асыру;
- білім беру ұйымдарында, меншік түріне және ведомстволық
бағыныстылығына қарамастан, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандартын, Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамалары мен
құқықтық актілерінің орындалуына мемлекеттік бақылауды жүргізу;
бақылау және тексеру шараларының қорытындысы бойынша әкімшілік құқық
бұзушылық туралы хаттама толтыру, әкімшілік құқық бұзушылық баптар бойынша
әкімшілік шара қолдану, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық
бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес білім беру саласының құзыретіне жататын іс
қозғау және сот органдарына жолдау, сот процесстеріне қатысу;
- өз құзыреті аясында Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы
анықталған бұзушылықтарды белгіленген мерзімінде жою туралы нұсқаманы
ұсыну;
- білім беру ұйымдарындағы жүргізілген тексерулер және профилактикалық
бақылаудың есеп санын үнемі және үздіксіз жүргізу, сонымен қатар тексеру
парағына сәйкес анықталған бұзушылықтарды және оларға қолданылған әкімшілік
шараларды жүргізу;
- бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды, тексеруді
тағайындау туралы актіні құқықтық статистика органдарына мемлекеттік тіркеуді
жүргізу,
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Депатамент
құзырлығына жататын сұрақтарды талдауға, ғылыми және басқа мекемелерді,
сонымен қатар жеке ғалымдарды, педагогтарды, мамандар мен сарапшыларды
тарту;
- Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық заңнамасында
көрсетілген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру және
оларды сот органдарына жолдау;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Департамент құқықтары мен
мүдделерін қорғау мақсатында, талап арызбен сотқа жүгіну;
- Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы
заңнамасында көрсетілген тәртіппен білім беру ұйымының қызметін тоқтату;
- Заңды тұлғаларға білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және
(немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе қайта ресімдеуді жүргізу және
ұйымдастыру;
- «Е-лицензиялау» мемлекеттік мәліметтер базасы арқылы заңды тұлғаларға
білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға
қосымшаны беру немесе қайта ресімдеу;
- заңды тұлғалардың білім беру қызметін лицензиялауға ұсынған құжаттарға
сараптама жүргізу;
- Департаменттің лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру
немесе қайта ресімдеу, беруге дәлелді бас тарту бойынша бұйрықтарының жобасын
дайындау;
- Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензияны
немесе лицензияға қосымша беруге дейін өтініш берушінің біліктілік талаптарына
сәйкестігіне субъектіге бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу;
- тексеру және бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындау актісін
құқықтық статистика органдарында мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;
- мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы сұранушылардың
ақпараттандырылғанын қамтамасыз ету;
- мемлекеттік қызмет көрсететін уәкілетті органдарға қажетті ақпарат ұсыну;
- мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту бойынша қызметінің басталуы немесе
тоқтатылуы туралы хабарламаларды қабылдайды;
- Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген жағдайларда мектепке
дейінгі тәрбиелеу мен оқыту бойынша қызметінің басталуы немесе тоқтатылуы
туралы хабарламалар реестрінен білім беру ұйымын шығарады;
- хабарлама беру тәртібімен қызмет жүргізетін білім беру ұйымдарының
қызметін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық заңнамасында
қарастырылған тәртіппен тоқтата тұрады;
- мемлекеттік құпия және заңмен қорғалатын басқа сырлар сақталатын
ақпараттан басқа рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық
реестрін жүргізеді;
- рұқсатттар мен хабарламалар мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы
электрондық нұсқада хабарлама беру тәртібін жүзеге асырады;
- білім беру құжаттарын (түпнұсқасын) апостилдеу рәсімін жүзеге асыру;
- білім сапасын сырттай бағалау білім беру мониторингісін ұйымдастыру және
өткізуге қатысу;
- мектептерде, кәсіптік және техникалық білім беру мекемелерінде, балалар
үйілерінде Қамқоршылық кеңес отырыстарына бақылаушы ретінде қатысу;
- жеке және заңды тұлға өтініштерін тіркеуді жүргізу;
- Департаментте құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыру;
- Департамент құзырлығына жататын мәселелер бойынша комиссия, жұмыстық
топ жұмыстарына қатысу;
- өз құзырлығы аясында Қазақстан Республикасының білім саласында
нормативтік-құқықтық актілерді өзгерту бойынша ұсыныстар әзірлеу;
- білім саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша ақпараттық-
түсіндірме жұмысын жүргізу;
- Департамент қызметінің негізгі бағыттары бойынша талдамалық және
ақпараттық материалдар дайындау;
- Қазақстан Республикасы білім саласындағы бақылау аясындағы стратегиялық
жоспарларға, бағдарламалық құжаттарға ұсыныстар дайындауға қатысу;
- Департамент жоспарын дайындауға қатысу және оның қызметі туралы есептер
дайындау;
- семинарлар, кеңестер және басқа шараларды ұйымдастыру және өткізу;
- аналитикалық материалдарды, есептерді дайындау;
- құзыреттер шеңберінде «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі, Е-өтініш, Е-құжат
және өзге де Ақпараттық жүйелер арқылы жұмыстар жүргізу;
- Департамент құзырына жататын жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ
мемлекеттік органдардан келіп түскен өтініштер бойынша жауаптарды
(материалдарды) дайындау;
- негізгі мәселелерді шешу бойынша тапсырмаларды уақытылы және сапалы
орындауды қамтамасыз ету;
- құзырлығы аясында басқа өкілеттілікті жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
dokso_atyrau@mail.ru
- 25.08.2023
- г.Атырау, ул. З.Гумарова д. 96
-
87122 763152