«1000 мектепке әдістемелік көмек» республикалық жоба

Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті өңірлердің  әдістемелік орталықтарымен бірлесіп, «1000 мектепке әдістемелік көмек» атты жобаны іске қосты.

Жобаның мақсаты білім сапасын жетілдіру.

Жоба апта сайын онлайн режимде, қашықтықтан семинар-кеңес форматында өткізілетін болады.

Өңірлердің әдіскерлері білім сапасын арттыруға бағытталған үздік жобалары мен кейстерімен бөліседі, мектептер өз кезегінде мектепішілік бақылау жұмыстарын тиімді, әрі сапалы іске асыратын тәжірибелер ұсынады.  Сондай-ақ, білім сапасын арттыруға бағытталған нақты индикаторлары мен көрсеткіштері бар мектептерді дамытудың стратегиялық жоспарлары қаралатын болады.