ҚР Оқу-ағарту министрлігінің білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Е. Н. Дауеновтың аппараттық кеңесте сөйлеген сөзінің тезистері
Слайд 1.
Оқушылардың білім беру бағдарламаларын игеру сапасын бағалау жүйесі - білім беру процесінің маңызды элементі болып табылады.
Әлемде білімді бағалаудың көптеген шкалалары бар. Әр бағалау мақсаты мен пәні болады және олар әртүрлі.
Қазақстанда - халықаралық PISA, мектептерге арналған PISA, TIMSS, PIRLS, ICILS-т зерттеулері өтеді.
Бұл зерттеулердің басты мақсаты – мемлекеттік стандарттың, яғни ГОСО-ның игерілуін бағалау. Оның қорытындыларына анализ жасалып, әдістемелік нұсқаулар әзірленеді. Кейін нәтижелер пән бағдарламаларын жаңарту кезінде қолданылуы қажет.
Қазіргі кезде еліміздегі сырттай бағалаудың түрлеріне МОДО мен қорытынды аттестацияны жатқызамыз.
Слайд 2.
Өздеріңіз білетіндей, МОДО 2021 жылдан бастап мектептердің 4 және 9 сыныптарына, колледждердің 2 курсына білім алушылардың білім жетістіктеріне Мониторинг ретінде (ББЖМ) енгізілді.
МОДО білім беру ұйымдарының 25% қамтумен компьютерлік тестілеу форматында өткізіледі. Функционалдық сауаттылық пен құзыреттілік деңгейін анықтауға, яғни өмірлік жағдайларда білім мен дағдыларды қолдануға бағытталған.
Ы.Алтынсарин атындағы Академиямен «МОДО-дан 2021-2022 жылдары өткен білім беру ұйымдары білім алушыларының білім жетістіктері мониторингінің нәтижелерін кешенді талдау» талдамалық есебі дайындалды.
МОДО нәтижелерін талдау білім алушыларда қиындық тудыратын тақырыптар мен оқу мақсаттарын анықтауға мүмкіндік берді.
Алтынсарин академиясы тестілеудің әрбір бағыты бойынша білім беру ұйымдары мен әдістемелік кабинеттер үшін онлайн және офлайн семинарлар сериясын өткізуді жоспарлап отыр. Мектептер мен колледждер арасында МОДО-ның ең жоғары нәтижелерінің тәжірибесі жинақталады.
Бүгінгі таңда біздің алдымызда халықаралық стандарттарға сәйкес Қазақстан білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі ретінде МОДО-ны жетілдіру міндеті тұр.
Слайд 3.
Комитет Ақпараттық-талдау орталығы, Ы.Алтынсарин атындағы акемиямен және мүдделі тараптармен бірлесіп жұмыс тобы шеңберінде (НЗМ, ЦПИ, ҰТО, ҚБ директорларымен) МОДО-ны өткізудің мазмұны мен технологиясын жетілдіру мәселесін пысықтады және келесі ұсыныстарды білдіреді:
Бірінші. МОДО-ның халықаралық бағалаулар негізінде 8 кезең бойынша жүзеге асыру. Олар бағалау шеңберін әзірлеуден бастап МОДО-ның бағалау жүйесіне және аккредиттеуге валидациялық зерттеулер жүргізуге дейін.
Слайд 4.
Екінші. Ғылыми танылған стандарттарға сәйкес бағалау шеңберін, яғни рамка оценивания әзірленеді және жаңа – ашық типтегі сұрақтар банкін қалыптастырылады.
Сұрақтар құрастырған кезде халықаралық салыстырмалы зерттеулерге ұқсас психометриялық параметрле, яғни оқушының мазмұнды қабылдауы және түсінуі, мәселелердің күрделілігі, дистракторлардың және қазақ тіліне аударманың дұрыстығы ескеріледі.
Үшінші. Екі сатылы стратификацияланған пропорционалды іріктеу әдіснамасы әзірледі. Бұл дегеніміз білім беру ұйымдарын, оқушыларды арнайы іріктеу жүйесі енгізіледі.
PISA форматы бойынша тәуелсіз тест-әкімшілерді тарта отырып, өткізу рәсімін стандартталады. Әр мектеп қадамдық әрекет жасау жоспарын алады.
Төртінші. МОДО жыл сайын мектептерде 4, 6, 9 сыныптарда, яғни 6-сынып қосылып отыр, колледждерде 3 курста өткізіледі деп жоспарлануда.
Слайд 5.
Бесінші. халықаралық серіктестермен бірлесіп, МОДО-ның валидациялық зерттеуін жүргізу, сондай-ақ жүргізу рәсімін аккредиттеуден өту.
Яғни түпкі мақсатымыз – МОДО-ның халықараралық аккредитациядан өткен Қазақстандағы білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесіне айналуы.
МОДО-ның нәтижелері қайда қолданылады:
- пәндер бойынша Үлгілік оқу бағдарламаларын, оқулықтарды қайта қарау кезінде назарға алынды, яғни Сіздердің жыл бойы қолданатын бағдарламаларыңызды жаңарту кезінде МОДО-ның нәтижелері қолданылады;
- біліктілікті арттыру курстарының мазмұнын жетілдіру кезінде
- білім беру ұйымдарының басшылары сапалы білім беруг үшін жағдай жасау кезінде
- педагогикалық әзірлемелер мен ресурстар банкін құру кезінде пайдаланылады.
МОДО-ның нәтижелері білім беру процесіне барлық қатысушы үшін, оның стейкхолдерлері үшін нұсқаулық болады.
Аталған шаралар білім беру сапасының көрсеткіштерін арттыру мәселелерінде кешенді тәсілдерді әзірлеуге мүмкіндік береді.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, зерттеу мемлекеттік бақылау нысаны емес екенін, керісінше оқушы үшін де, педагогтар үшін де, білім беру ұйымдары үшін де құқықтық салдары жоқ екенін атап өткім келеді.