Педагогтердің республикалық съезі туралы
Педагогтер съезі өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудің өзекті бағыттарын талқылау үшін барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарының мемлекеттік және қоғамдық құрылымдармен өзара іс-қимылын дамытуға мүмкіндік береді.
Съезд жұмысына республиканың 650 педагогы, оның ішінде мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері, "Үздік педагог-2022" конкурсының республикалық кезеңінің жеңімпаздары, білім беру ардагерлері, облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармаларының басшылары, педагогикалық жоғары оқу орындарының ректорлары және т. б. қатысады.
Съезд аясында халықаралық тәжірибеде тануды ескеретін үздік ұлттық дәстүрлерді сақтауға бағытталған озық басқарушылық және педагогикалық тәжірибені тарату жоспарлануда.
Съезде келесі аспектілер қарастырылады: ғылыми зерттеулердің нәтижелері негізінде оқытудың оқу, әдістемелік-дидактикалық құралдарының мазмұнын жетілдіру, білім беру нәтижелілігінің және PISA, PIRLS халықаралық зерттеулеріндегі табыстың негізгі факторы ретінде үздіксіз кәсіби дамудың жаңғыртылған жүйесі арқылы педагогикалық ресурстың жоғары мәдениетін қамтамасыз ету, педагог кадрларды даярлаудың заманауи тәсілдері, білім берудегі менеджменттің маңыздылығы және т. б.
Пленарлық отырыста еліміздің үздік педагогтары, сарапшы-жаттықтырушылар, жас мұғалімдер, білім беру ұйымдарының басшылары, "білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы" пилоттық жобасының (кадрлық резерв) қатысушысы сөз сөйлейді.