«Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы» бұйрығының жобасын

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығының жобасын ресми интернет-ресурсында және «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырғанын хабарлайды.
Осыған байланысты, Министрлік аталған жобаны талқылауға шақырады.