Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті «Мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 15 наурыздағы № 134 бұйрығының 15, 16 тармақтарына сәйкес жария тыңдау өткізеді.

Жария тыңдауға монополияға қарсы органның, қоғамдық бірлестіктердің мемлекеттік органдарының, тәуелсіз сарапшылардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және мемлекеттік монополия субъектілерінің өкілдері қатысады деп күтілуде.

Іс-шараның мақсаты – «Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы» ШЖҚ РМК – мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтер құнының жобасын талқылау.

Бұл тыңдау сарапшылардың еңбекақысын ұлғайту есебінен оқулықтардың сапасын арттыруға көмектеседі деп санаймыз.

Жария тыңдауды өткізу орны: Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы 8, 11-кіреберіс, 607-кабинет.

Жария тыңдау 2023 жылғы 25 қыркүйекте сағат 17-00-де өтеді.

Анықтама телефоны: 87172-74-55-69