Меню

Страницы

Статья

Білім беруді басқару органдарына қатысты мемлекеттік бақылау (2026 жылғы 1-ші жартыжылдық)

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдарына қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мақсатында 2024 жылы «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 59-1-баппен толықтырылды.

Осы баптың 8-тармағына сәйкес, білім беру саласындағы уәкілетті органның бірінші басшысымен білім беруді басқару органдарына жоспарлы тексеру тағайындау үшін 17 өңірдің 62 білім беру бөлімдері 2026 жылға арналған тізімі бекітілді (Абай облысы – 4, Ақмола облысы – 6, Актөбеоблысы – 4, Алматы облысы – 3, Атырау  обласы – 2, Батыс Қазақстан – 4, Жамбыл облысы – 3, Жетісу облысы – 3, Қарағанды облысы – 4, Қостанай облысы – 6, Қызылорда облысы – 2, Манғыстау облысы – 2, Павлодар облысы – 4, Солтүстік Қазақстан облысы – 4, Түркістан облысы – 5, Ұлытау облысы – 2, Шығыс Қазақстан облысы - 4).

Аумақтық департаменттермен 45 білім бөліміне жоспарлы тексерулер жүргізілді (Абай – 3, Ақмола облысы – 2, Ақтөбе облысы – 3, Алматы облысы – 2, Атырау облысы – 2, Батыс Қазақстан облысы – 2, Жамбыл облысы – 2, Жетісу облысы – 3, Қарағанды облысы – 1, Қостанай облысы – 3, Қызылорда облысы – 2, Маңғыстау облысы – 2, Павлодар облысы – 3, Солтүстік Қазақстан облысы – 4, Түркістан облысы – 5, область Ұлытау – 2, Шығыс Қазақстан облысы – 4).

Сонымен қатар, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негізінде 2026 жылдың бірінші тоқсанында аумақтық департаменттерімен Павлодар қаласының, Түркістан облысының Ордабасы және Мақтаарал аудандарының білім бөлімдеріне қатысты 3 және Алматы және Атырау облыстарының білім басқармаларына қатысты 2 жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

Жоспарлы және жоспардан тыс тексерулердің нәтижелері бойынша қорытындылар жасалды, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою бойынша 48 білім бөлім басшыларына ұсыныстар берілді.

Дата публикации
27 июля 2026
Дата обновления
27 июля 2026
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
27 июля 2026
Лицензиялау (2026 жылдың бірінші жартыжылдығы)
Пайдалы ақпарат
27 июля 2026
Білім беруді басқару органдарына қатысты мемлекеттік бақылау (2026 жылғы 1-ші жартыжылдық)
Пайдалы ақпарат
27 июля 2026
Ресми құжаттарды апостильдеу (2026 жылдың 1-ші жартыжылдығы )

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы