Білім беру ұйымдарында бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүргізілетін профилактикалық бақылау (2026 жылдың 1-тоқсаны)

2026 жылдың бірінші жартыжылдығына бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы жүргізілетін профилактикалық бақылауды 69 білім беру ұйымында жүргізу жоспарланған, олардың тізімі Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми сайтында орналастырылған.

Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы жүргізілетін профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық департаменттері қызметкерлерімен 38 білім беру ұйымында жүргізілді. Профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарына анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар берілді.

Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүргізілетін профилактикалық бақылау барысында жиі анықталатын бұзушылықтар: «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының бұзылуы, білім беру ұйымдарының үлгілік қызмет қағидаларын, білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау жүргізу, аралық және қорытынды аттестаттау қағидаларын сақтамауы және басқа да бұзушылықтар болып табылады.

Тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған бақылау мен қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) жартыжылдық тізімдері бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу жылының алдындағы жылдың 25 желтоқсанына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың 25 мамырына дейінгі мерзімде «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектісінде орналастырылады.

Білім беру ұйымдарында бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүргізілетін профилактикалық бақылау (2026 жылдың 1-тоқсаны)
Дата публикации
03 апреля 2026