Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармайтын профилактикалық бақылау «Білім туралы» ҚР Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады (1 тоқсан).

Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды Комитеттің аумақтық бөлімшелері өзін-өзі бағалау материалдарының деректерін білім беру ұйымдарының, олардың басқару органдарының интернет-ресурстарында, білім беру платформаларында және білім беру саласындағы ақпараттық жүйелерде орналастырылған нақты деректермен талдау, зерделеу және салыстыру арқылы жүргізеді.

2026 жылы аумақтық бөлімшелердің 2185 білім беру ұйымында, оның ішінде 1948 мектепке дейінгі білім беру ұйымында, 227 орта білім беру ұйымында, 10 техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымында мемлекеттік аттестаттау жүргізуі жоспарланған болатын.

Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша мемлекеттік аттестаттау рәсімінен өткен білім беру ұйымдарының саны 144-ті (6,6%) құрады, оның ішінде 144 мектепке дейінгі білім беру ұйымы, орта білім беру ұйымдары мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын аттестаттау жүргізілген жоқ.

2026 жылдың 1-тоқсанында білім беру ұйымының қайта ұйымдастырылуына, таратылуына байланысты қызметін тоқтату және (немесе) тоқтата тұру жағдайлары байқалған жоқ.

Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармайтын профилактикалық бақылау «Білім туралы» ҚР Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады (1 тоқсан).
Дата публикации
03 апреля 2026