2025 жылы педагогтерді қорғау және педагогикалық этика нормаларының сақталуы туралы

2025 жылы аумақтық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттері тарапынан «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңының 6 бабы талаптарын бұзудың                            17 фактісі тіркеліп, олардың нәтижелері бойынша тиісті әкімшілік шаралар қолданылды.

Сонымен қатар, аумақтық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттері жанындағы Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестерге келіп түскен өтініштерді қарау қорытындысы бойынша педагогикалық әдеп нормаларын сақтамаудың 51 фактісі анықталды.

Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестер қабылдаған шешімдер ұсынымдық сипатта болғанымен, олар білім беру ұйымдары мен басқару органдары тарапынан Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарына сәйкес қаралып, нақты шешімдер қабылданды.

2025 жылы педагогтерді қорғау және педагогикалық этика нормаларының сақталуы туралы
Дата публикации
31 декабря 2025