2025 жылғы 4 тоқсандағы ресми құжаттарға апостиль қою

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу.

Апостиль – құжаттамаға қол қойған адамның қолын және оның өкілеттіктерін, сондай-ақ осы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын растайтын арнайы мөртаңба.

Апостиль қою рәсімін Ережеге сәйкес аумақтық департаменттер жүзеге асырады (ҚР  Оқу-ағарту министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 209 бұйрығы).

2025 жылдың 4 тоқсанында Апостиль қойылған құжаттардың жалпы саны –1158, бас тартылған - 197, мерзімі бұзылып орындағаны – 0.

2025 жылғы 4 тоқсандағы ресми құжаттарға апостиль қою
Дата публикации
31 декабря 2025