2025 жылдың 1 жартыжылдығында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті және оның аумақтық бөлімшелері білім беру ұйымдарының білім беру қызметтерін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының (бұдан әрі-стандарт) талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатында 2025 жылға арналған жоспар бойынша 3025 білім беру ұйымына бармай мемлекеттік бақылау жүргізуді жоспарлады.
2025 жылдың бірінші жартыжылдығында 1170 білім беру ұйымында мемлекеттік аттестаттау өткізілді. Оның ішінде 236 (20,1%) білім беру ұйымы аттестатталды (оның ішінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдары – 172, жалпы орта білім беру ұйымдары – 64). 934 (79,8%) білім беру ұйымы (мектепке дейінгі ұйымдар – 641, жалпы орта білім беру ұйымдары – 209, Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары – 5) аттестатталмады.
Тексеру барысында анықталған ең жиі кездесетін бұзушылықтарға: жұмыс оқу жоспарларының үлгілік оқу жоспарларына сәйкес келмеуі, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жүйесінің және СЭС қорытындысының болмауы, өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы, педагогтер мен басшылық құрамның біліктілікті арттыру курстарынан уақытылы өтпеуі, сондай-ақ педагогтердің оқытылатын пәнге сәйкес келмейтін дипломдарының болуы және басқа да бұзушылықтар жатады.
Мемлекеттік аттестаттау барысында анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі ұсыныстар негізінде жергілікті атқарушы органдар білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға, педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын өткізуге, өрт қауіпсіздігі мен санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестікті қамтамасыз етуге және басқа да қажетті іс-шараларға қаражат бөлді.
Нәтижесінде қазақ тілі, биология, география, физика, химия, информатика, технология, робототехника, әскери және технологиялық даярлық негіздері, емдік дене шынықтыру, STEM-зертханалар, шағын орталықтар және инклюзивті білім беру кабинеттері ашылды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.
Сонымен қатар, біліктілік талаптарына сәйкестікті тексеру жүргізілді. Орта білім беру ұйымдарының 22-сінің ішінен 19 мектепте бұзушылықтар анықталып, оларды жою жөнінде нұсқамалар берілді. 16 әкімшілік іс қозғалды.
Кодекс талаптарына сәйкес, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында нысандарға бару арқылы профилактикалық бақылау екі рет аттестатталмаған 207 білім беру ұйымында жүргізілді. Барлық рәсімдерге қарамастан, 150 білім беру ұйымы қайта аттестациядан өте алмады. Қазіргі уақытта 94 білім беру ұйымы аттестатталды, ал 56 білім беру ұйымында профилактикалық бақылау өткізу жоспарлануда. Профилактикалық бақылау кезінде жиі анықталатын бұзушылықтар – «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы талаптарының бұзылуы, білім беру ұйымдарының үлгілік қызмет ережелерін, оқу жетістіктерін ағымдық, аралық және қорытынды бағалау қағидаларын сақтамауы және басқа да бұзушылықтар болып табылады.
2025 жылдың бірінші жартыжылдығында 132 тексеру жүргізілді. Жоспардан тыс тексерулердің қорытындысы бойынша 100 (75%) білім беру ұйымына педагогтер дың лауазымдық міндеттері мен педагогикалық әдеп нормаларын сақтамау, Жарғыда айқындалған функцияларды орындамау, педагогтер ды лауазымдарға тағайындау бойынша конкурсты өткізу тәртібінің талаптарына сәйкес келмеу және басқа да бұзушылықтар бойынша нұсқамалар берілді.
Білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының талаптарына сәйкес келмеуі, сондай-ақ білім беру ұйымдарының қызметін реттейтін үлгілік ережелерді және білім алушыларды қабылдау қағидаларын сақтамау, тәрбиеленушілер мен білім алушылардың денсаулығын сақтау жөніндегі міндеттердің орындалмауы фактілері үшін білім беру ұйымдарының басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Тексерулер білім беру процесі барысында білім алушылар мен тәрбиеленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған білім беру саласындағы заңнаманың сақталуын бақылау мақсатында жүргізілді. Жоспардан тыс тексерулердің нәтижесінде 28 әкімшілік іс қозғалды.
2025 жылдың 1 жартыжылдығындағы бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша 167 нұсқама енгізіліп, 457 әкімшілік іс қозғалды. Айыппұл сомасы 25 миллион теңгені құрады.
Өткізілген бақылау іс-шаралары білім беру ұйымдарында өзін-өзі талдау мен сапалы өзгерістер процесін ынталандырады, сыртқы бақылау білім беру ұйымдарына кемшіліктерді анықтап, оларды уақытылы жоюға мүмкіндік береді. Бақылаушы органның ұсынымдары бойынша анықталған бұзушылықтарды жою жұмыстары жүргізіледі.