2025 жылдың 1 тоқсанына апостильдеу

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу.

Апостиль – құжаттамаға қол қойған адамның қолын және оның өкілеттіктерін, сондай-ақ осы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын растайтын арнайы мөртаңба.

Апостиль қою рәсімін Ережеге сәйкес аумақтық департаменттер жүзеге асырады (ҚР  Оқу-ағарту министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 209 бұйрығы).

2025 жылдың бірінші тоқсанында Апостиль қойылған құжаттардың жалпы саны – 1419, бас тартылған - 211, мерзімі бұзылып орындағаны – 0.

Бас тартудың себептері: құжаттардың толық емес пакетін ұсыну (мемлекеттік баж төлемі жоқ), құжаттардың көшірмелері ұсынылған, шет мемлекеттің дипломы ұсынылған.

 

Апостилирование 1 квартал 2025 года
Дата публикации
04 апреля 2025