2024 жылғы 1 жартыжылдық бойынша мемлекеттік бақылау шараларының қорытындылары

2024 жылдың 1 жартыжылдығында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті және оның аумақтық бөлімшелері білім беру ұйымдарының білім беру қызметтерін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының (бұдан әрі – стандарт) талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатында 2012 білім беру ұйымында мемлекеттік аттестаттау өткізді (аттестатталды – 532 (26%), аттестатталмады – 1480 (74%), олардың ішінде 1047 орта білім беру ұйымы (аттестатталды – 234 (22%), аттестатталмады – 813 (78%), 963 мектепке дейінгі білім беру ұйымы (аттестатталды – 298 (31%), аттестатталмады  - 665 (69%), 2 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы (аттестатталды - 0%, аттестатталмады - 2 (100%).

Білім беру ұйымдарының аттестаттаудан өтпеуінің негізгі себебі стандарт талаптарын сақтамау болып табылады, атап айтқанда:

1) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында - ұйымдастырылған оқу қызметінің стандарт талаптарына сәйкес келмеуі (57 %), білім беру қызметінің оқу білім беру бағдарламаларына сәйкес келмеуі (55 %), жарақтандыру нормаларына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдардың жабдықтармен және жиһазбен қамтамасыз етілмеуі (65 %); педагогтердің біліктілік санаты деңгейін уақтылы көтермеуі (растамауы) (50 %), топтарды жинақтау кезінде жас кезеңділігін сақтамау (63 %);

2) орта білім беру ұйымдарында - жұмыс оқу жоспарларының стандарт және үлгілік оқу жоспарларының талаптарына сәйкес келмеуі (29 %), оқу процесін ұйымдастыруда білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктері ескерілмегені (19 %), біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі (edu.kz үшінші деңгейдегі домендік атаудың болмауы (11%), нысандардың толық жабдықталмауы (16 %), педагогтердің біліктілікті арттыру курстарынан өтпеуі (29 %);

3) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында - білім беру бағдарламаларының стандарт талаптарына сәйкес келмеуі (50 %), білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды  бұзушылықтармен жүргізу (50 %), оқу процесін іске асыру кезінде кредиттік оқыту технологиясы бойынша талаптарды сақтамау (100 %), оқу уақытының көлемін сақтамау (50 %).

«Білім туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік аттестаттау рәсімінен қайта өтпеген 69 оқу орнында (58 мектеп, 7 балабақша және 4 колледж) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіліп, 136 (52 %) өрескел, 56 (22 %) елеулі, 68 (26 %) болмашы бұзушылық анықталды. Профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша 53 (77 %) білім беру ұйымына бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

Бару арқылы профилактикалық бақылау барысында ең жиі кездескен бұзушылықтар: «Педагог мәртебесі туралы» Заңының талаптарын бұзу, білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі қағидаларының сақталмауы.

2024 жылдан бастап ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес 910 білім беру ұйымында (823 мектеп, 87 колледж) тексерудің жаңа түрі біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру жүргізу жоспарланды. Ағымдағы жылдың І жартыжылдығындағы жағдай бойынша орта білім беру ұйымдарында 440 тексеру жүргізілді, оның қорытындысы бойынша 419 (95%) мектепте бұзушылықтар анықталып бұзушылықтарды жою бойынша нұсқамалар енгізілді. Нәтижесінде 328 әкімшілік іс қозғалды, 222 заңды тұлғаға, 106 лауазымды тұлғаға айыппұл салынды, 172 мектептің лицензиясының қолданылуы тоқтатылды.

Біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру жүргізу барысында жиі кездескен бұзушылықтар: жұмыс оқу жоспарларының үлгілік оқу жоспарларына сәйкес келмеуі, педагогтер мен басшылардың соңғы 3 жылда біліктілікті арттыру курстарынан өтпеуі, оқытылатын пәнге сәйкес келмейтін дипломдары бар педагогтердің болуы, педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің, педагог-шеберлердің үлесінің біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі.

Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында бірінші жартыжылдықта жоспардан тыс 156 тексеру жүргізілді, оның ішінде прокурордың талабы бойынша - 27 (17%), жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша – 105 (67%), мемлекеттік органдардың өтініштері бойынша – 24 (16%) тексеру жүргізілді.

Жоспардан тыс тексерулердің қорытындысы бойынша 132 (85%) білім беру ұйымдарына педагогтердің лауазымдық міндеттері мен педагогикалық әдеп нормаларын сақтамауы, Жарғыда айқындалған функцияларды орындамауы, мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымдарға тағайындау конкурсын өткізу тәртібіне сәйкес келмеуі және т. б. бойынша бұзушылықтарды жою үшін ұйғарымдар енгізілді.

Көрсетілетін білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес келмеуі бойынша білім беру ұйымдарының білім алушыларды қабылдаудың үлгілік қағидалары мен қызметінің үлгілік қағидаларын сақтамау, тәрбиеленушілер мен білім алушылардың денсаулығын сақтау жөніндегі міндеттерді орындамау түрінде жасалған талаптарды бұзуы бойынша білім беру ұйымының басшылары әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Сондай-ақ жоспардан тыс тексеру барысында педагогтердің ерекше функцияларға және реттелмеген есептілікке тарту құқықтары қорғалды.

Өткізілген бақылау іс-шаралары білім беру ұйымдарында рефлексия процесін және сапалы өзгерістерді ынталандырады, сыртқы бақылау білім беру ұйымдарына кемшіліктерді көруге және оларды уақтылы түзетуге мүмкіндік береді. Бақылаушы органның ұсынымдары бойынша оқу орындары анықталған бұзушылықтарды жою жоспарын жасайды, жергілікті атқарушы органдар материалдық-техникалық базаны жақсарту және педагогтердің біліктілікті арттыру курстарынан өтуі үшін қаржы бөледі.

Итоги мер государственного контроля за 1 полугодие 2024 года
Дата публикации
15 августа 2024