Демалыс – бұл қызметкердің жұмыс орнын (лауазымын) және орташа жалақысын сақтай отырып, жыл сайынғы демалысын қамтамасыз ету үшін қызметкерді белгілі бір мерзімге жұмыстан босату (ҚР Еңбек кодексінің 1-бабы).
Демалыс түрлері:
- жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысы;
- жыл сайынғы қосымша ақылы еңбек демалысы.
Педагогтердің еңбек демалысының ұзақтығы-56 күнтізбелік күн («Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңның 12-бабы).
Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің басқа санаттары үшін еңбек демалысы:
30 күнтізбелік күн – әкімшілік-шаруашылық персонал үшін;
24 күнтізбелік күн – техникалық персонал үшін.