Апостильдеу 2023 жыл

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу.

Апостиль – құжаттамаға қол қойған адамның қолын және оның өкілеттіктерін, сондай-ақ осы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын растайтын арнайы мөртаңба.

Апостиль қою рәсімін Ережеге сәйкес аумақтық департаменттер жүзеге асырады (ҚР  Оқу-ағарту министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 209 бұйрығы).

2023 жылы апостиль қоюға түскен құжаттар саны – 17573, апостиль қойылғандардың жалпы саны-16691, бас тартулар -882.

2023 жылы 14816 апостиль қойылды, оның ішінде 14806 мерзімінде орындалды, 10 бұзушылықпен орындалды. Оның ішінде: Астана қ. департаменті - 9 тыңдау рәсімін уақтылы өткізбеу себебінен; Павлодар облысының департаменті - 1 тыңдау рәсімін уақтылы өткізбеу себебінен.

Бас тарту себептері:

Құжаттардың толық ұсынылмауынан (мемлекеттік баж төлемі болмауы, құжаттардың көшірмелері ұсынылуы, шет мемлекеттің дипломы ұсынылуы).

Апостильдеу 2023 жыл
Дата публикации
30 апреля 2024