«Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің
Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті»
республикалық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2-тарау. Комитеттің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері, функциялары
1) ведомствоның құзыреті шегінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысуы;
2) білім беру жүйесінің сапасын сырттай бағалау, мемлекеттік бақылау жүргізу жолымен мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметтерінің жоғары сапасын қамтамасыз ету мақсатында білім беру саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыруы.
1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;
2) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қолданыстағы заңнаманы қолдану жөніндегі түсіндірмелер мен түсініктемелер беру;
3) өз құзыреті шегінде консультативтік-кеңесші және сарапшылық комиссиялар құру;
4) Комитет қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды жүзеге асыру;
5) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің және мемлекеттік қызмет туралы заңнамасында қарастырылған тәртіппен қызметкерлерді көтермелеу, оларға тәртіптік жазалар қолдану және мерзімінен бұрын алу, қызметкерлерді материалдық жауапкершілікке тарту бойынша ұсыныс жолдау;
6) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеуге қатысу;
7) ведомстволардың аумақтық бөлімшелеріне орындалуы міндетті нұсқаулар беру;
8) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау, олар бойынша хаттамалар жасау және әкімшілік жазалар қолдану;
9) тексерілетін субъектілерге бақылау жүргізу кезінде мемлекеттiк органдардың және ведомстволық бағынысты ұйымдардың мамандарын, консультанттарын және сарапшыларын тарту;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Комитеттің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгіну, талап-арыз беру;
11) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
12) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеуге;
13) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған тәртіппен басқа мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
14) мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
15) мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы тұтынушыларды ақпараттандыру;
16) мемлекеттік қызметті көрсету саласындағы уәкілетті органдарға тиісті ақпарат ұсыну;
17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқытар мен міндеттерді жүзеге асыру.
1) білім беру саласында азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауды қамтамасыз ету;
2) Комитеттің өкілеттіктеріне жататын мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау функцияларын жүзеге асыру;
3) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру үшін біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін әзірлеу;
4) рухани білім беруге арналған жұмыс істеу қағидаларына сәйкес рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы білім беру қызметімен айналысуға лицензиялауды электрондық түрде жүзеге асыру;
5) білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру, білім беру ұйымының қайта ұйымдастырылуына байланысты білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу мәселелерін алқалы және жария қарау үшін консультациялық-кеңесші орган құру;
6) Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы оның жұмыс істеу қағидаларына сәйкес электрондық түрде:
бастауыш білім;
негізгі орта білім;
жалпы орта білім;
біліктіліктер бойынша техникалық және кәсіптік білім, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша бiлiм беру қызметiмен айналысуға лицензиялауды жүзеге асыру бойынша жұмысын үйлестіру;
7) рухани білім беру ұйымдарына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейін өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігіне рұқсаттық бақылауды жүзеге асыру;
8) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
9) республикалық білім беру ұйымдарына (орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары) және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарда мемлекеттік аттестаттауды өткізу;
10) лицензиарларды, лицензия беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және оларды рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу;
11) республикалық білім беру ұйымдарының, рухани білім беру және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының білім беру қызметін жүзеге асыруға берілген лицензиялар бойынша біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізу;
12) республикалық білім беру ұйымдарының, рухани білім беру және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуына жоспардан тыс тексеру жүргізу;
13) бақылау және тексеру іс-шараларының нәтижелері бойынша
әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау, білім саласындағы уәкілетті органның құзыретіне кіретін баптар бойынша Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жаза қолдану, оларды қозғау және сот органдарына беру, сот процестеріне қатысу;
14) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын ұйғарымда белгіленген мерзімде жою туралы орындалуы міндетті жазбаша ұйғарымдар беру;
15) Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің денсаулық сақтау саласында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан:
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын;
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан білім беру ұйымдарына мемлекеттік аттестаттауды жүргізу бойынша жұмысты үйлестіру;
16) меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру және қосымша білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы заңнамасының және білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
17) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарын әзірлеу;
18) білім беру ұйымдарының бағалау өлшемдерін әзірлеу;
19) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері негізінде бақылау субъектілеріне бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізудің жартыжылдық тізімін әзірлеу;
20) аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану рәсімін жүзеге асыру;
21) аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттелген органдарын тану қағидаларын әзірлеу, танылған аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламаларының тізілімін, сондай-ақ оларды оған енгізу, тоқтата тұру және одан шығару негіздерін қалыптастыру;
22) ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында ұсыныстар әзірлеуге және мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу, Комитеттің өкілеттіктері шегінде ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіру;
23) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процесін автоматтандыруды және оңтайландыруды қамтамасыз ету;
24) білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлеу;
25) білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторингілеу жүргізу;
26) бiлiм беру жүйесінің сапасын сырттай және iшкi бағалау үшін статистикалық және талдамалық бағалау көрсеткіштерінің кешені көмегімен білім беру мониторингін жүзеге асыру;
27) білім беру жетістіктерін мониторингілеу нәтижелері бойынша білім беру ұйымдарына әдіснамалық қолдау көрсету;
28) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою жөніндегі Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің жұмысын үйлестіру;
29) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаттарды тану қағидаларын әзірлеу;
30) орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтарды және мектепге дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынақтан өткізу және мониторинг жүргізу, басып шығару жөніндегі қағидаларды әзірлеу;
31) республикалық және жергілікті бюджеттер бекітілгенге дейін орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға арналған оқу-әдістемелік кешендердің тізбесін, оның ішінде электрондық нысанда әзірлеу;
32) мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу;
33) орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың және мектепге дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптарды әзірлеу;
34) мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді таңдау қағидаларын әзірлеу;
35) мектепге дейінгі, орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйлестіру;
36) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламаларын, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оқулықтарға және оқу-әдістемелік кешендеріне қажеттілігін болжау әдістемесін әзірлеу;
37) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын, үлгілік оқу бағдарламаларын сараптау және сынақтан өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу;
38) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
39) мемлекеттік қызмет көрсету;
40) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды, оған қолжетімділікті қамтамасыз ету;
41) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылауды жүргізу;
42) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу жөніндегі Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру;
43) Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыру жұмысын үйлестіру;
44) Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен, хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асырылатын білім беру ұйымдарының қызметін тоқтата тұру жұмысын үйлестіру;
45) білім беру ұйымын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалардың тізілімінен алып тастау;
46) білім беру ұйымдарын салу, күрделі және ағымдағы жөндеу, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, бейнебақылау жүйелерімен және санитариялық-гигиеналық жайлылықпен (жылы дәретханалар) жарақтандыру, оқулықтармен қамтамасыз ету, авариялық және үш ауысымды мектептердің дайындығына, педагогтердің құқықтарын қорғау мәселелеріне мониторинг жүргізу жөніндегі Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру;
47) білім беру ұйымдарда педагог мәртебесі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының сақталуына мониторинг (талдау) жүргізу бойынша Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру;
48) Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру және ішкі бақылау, сондай-ақ оларға Комитет қызметінің бағыттары бойынша әдістемелік көмек көрсету;
49) білім алушылардың функционалдық сауаттылығын, академиялық білімін, мәтінді түсіну сапасын және компьютерлік және ақпараттық сауаттылығын бағалау, сондай-ақ мұғалімдердің жұмыс жағдайын бағалау бойынша халықаралық зерттеулер жүргізуді үйлестіру;
50) «Ұлттық білім беру дерекқоры» ақпараттық жүйесін қалыптастыру, қолдап отыру, жүйелік-техникалық қызмет көрсету, интеграциялау және оның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеуге қатысу;
51) білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілеріне қойылатын ең төмен талаптарды әзірлеуге қатысу;
52) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар әзірлеуді ұйымдастыруға қатысу және мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі және жалпы орта білім, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру саласында олардың іске асырылуын жүзеге асыру;
53) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі, жалпы орта білім, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру саласында орындалған ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар жөнінде есептерді қалыптстыруға қатысу;
54) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет пен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларын әзірлеуге қатысу;
55) мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша Министрліктің даму жоспарын әзірлеуга қатысу;
56) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу;
57) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және келісу, сондай-ақ Комитет жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін ұйымдастыру;
58) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін, ескірген, сыбайлас жемқорлықты тудыратын және тиімсіз іске асырылатын құқық нормаларын анықтау, оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу немесе олардың күші жойылды деп тану жөнінде уақытылы шаралар қабылдау үшін Комитет әзірлеген және (немесе) іске асыратын заңға тәуелді актілерге қатысты тұрақты негізде мониторинг жүргізу;
59) білім беру саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде шаралар қабылдау;
60) жеке және заңды тұлғалар жолданымдарда (арыздарда, шағымдарда), сұрау салуларда, ұсыныстарда, үн қосулар мен хабарларда көтеретін жүйелі мәселелерді талдауды, мониторингілеуді және айқындауды жүзеге асыру;
61) жеке және заңды тұлғалар жолданымдарда (арыздарда, шағымдарда), сұрау салуларда, ұсыныстарда, үн қосулар мен хабарларда көтеретін жүйелі мәселелерді талдауды, мониторингілеуді және айқындауды жүзеге асыру;
62) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
3-тарау. Комитет басшысының мәртебесі және өкілеттіктері
1) Министрліктің басшылығына Комитеттің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді;
2) Министрліктің Аппарат басшысына қызметкерлерді көтермелеу, оларға тәртіптік жазалар қолдану және мерзімінен бұрын алу, қызметкерлерді материалдық жауапкершілікке тарту, іссапарға жіберу, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді;
3) өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша құқықтық актілер шығарады, Комитеттің және оның аумақтық органдарының барлық қызметкерлері үшін міндетті болып табылатын сұрақтар бойынша нұсқау береді;
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттің атынан өкілдік етеді;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге бағытталған шараларды қабылдау жұмысына басшылық жасайды, қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалар талаптарын сақтауын қамтамасыз етеді;
6) қызметкерлердің Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін, орындаушылық және еңбек тәртібін сақтауын бақылайды;
7) өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді;
8) Қазақстан Республикасы заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.
Төраға болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4-тарау. Комитеттің мүлкі
Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату