Тест тапсырмалар жинағы ICILS-2018 тест құралдарының сипаттамасы мен
қысқаша шолуын, ICILS зерттеуінің тарихы мен мәнмәтінін және зерттеу жүргізудің
қазақстандық тәжірибесі туралы толық ақпаратты қамтиды.
Жинақ информатика мұғалімдеріне, АКТ бойынша типтік оқу бағдарламаларын
әзірлеушілерге, мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламаларын әзірлеу
бойынша сарапшыларға және басқа да мүдделі тұлғаларға анықтамалық құрал
ретінде арналған.