Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша және нұсқамалардың орындалуын бақылау бойынша жоспардан тыс тексерулер (2026 жылдың 3-тоқсаны)

2026 жылдың III тоқсанында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық департаменттерінің қызметкерлері 57 жоспардан тыс тексеру жүргізді. Оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша – 33 (57,8%), нұсқамалардың орындалуын бақылау бойынша – 12 (2%), прокурордың талап етуі бойынша – 9 (15,7%), мемлекеттік органдардың өтініштері бойынша –
 3 (5,4%) тексеру жүргізілді.

Жоспардан тыс тексерулердің қорытындысы бойынша педагогтердің лауазымдық міндеттерін және педагогикалық әдеп нормаларын сақтамауына, білім беру ұйымының жарғысында айқындалған функцияларды орындамауына, мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог лауазымдарына тағайындауға конкурс өткізу тәртібінің талаптарына сәйкес келмеуіне және өзге де бұзушылықтарға байланысты 65 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды.

Ең көп анықталған бұзушылықтар көрсетілетін білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес келмеуіне, білім беру ұйымдарының қызметінің үлгілік қағидалары мен білім алушыларды қабылдаудың үлгілік қағидалары талаптарының сақталмауына, сондай-ақ тәрбиеленушілер мен білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтау жөніндегі міндеттердің орындалмауына қатысты болды.

Аталған бұзушылықтарды жасағаны үшін білім беру ұйымдарының басшылары әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

 

 

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша және нұсқамалардың орындалуын бақылау бойынша жоспардан тыс тексерулер (2026 жылдың 3-тоқсаны)
Дата публикации
05 октября 2026