«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 59-бабына сәйкес білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау 2026 жылдың ақпан айына дейін бару арқылы жүргізілетін профилактикалық бақылау шеңберінде өткізілді. 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап бару арқылы жүргізілетін профилактикалық бақылаудың күшін жойған 55-1-бап енгізілді. Осы бап өз күшіне енгенге дейін білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің қызметкерлері 142 аттестаттау жүргізді: Астана қ. – 6, Шымкент қ. – 9, Абай облысы – 4, Ақмола облысы – 10, Алматы облысы – 25, Атырау облысы – 18, Қостанай облысы – 18, Қызылорда облысы – 12, Түркістан облысы – 40. Қазіргі уақытта білім беру ұйымдарының мемлекеттік аттестаттауы білім беру қызметінің тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкестігін анықтауға бағытталған, білім берудің сапасы мен қолжетімділігін кешенді бағалау рәсімі болып табылады.