Білім беру ұйымдарына бару арқылы профилактикалық бақылау (2026 жылдың 1-жартыжылдығы)

             2026 жылдың бірінші жартыжылдығына 69 білім беру ұйымында бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жоспарланған, тізім Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сайтында орналастырылған.
            ҚР ОҚМ Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық департаменттерінің қызметкерлері 67 білім беру ұйымында бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізді (Жетісу облысында 2 балабақша жабылды). Бару арқылы профилактикалық бақылаудың қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарына бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар берілді.
            Бару арқылы профилактикалық бақылау барысында жиі анықталатын бұзушылықтар: «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңының талаптарын бұзу, білім беру ұйымдарының үлгілік қызмет қағидаларын, үлгерімді ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу қағидаларын сақтамауы және т.б.

Білім беру ұйымдарына бару арқылы профилактикалық бақылау (2026 жылдың 1-жартыжылдығы)
Дата публикации
03 июля 2026