Білім бөлімдерін, басқармаларын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мақсатында 2024 жылы «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 59-1-бабының 8-тармағына сәйкес, аумақтық департаменттермен 25 білім бөліміне жоспарлы тексерулер жүргізілді (Абай облысы – 2, Ақмола облысы – 2, Актөбе облысы – 1, Алматы облысы – 1, Атырау облысы – 1, Батыс Қазақстан облысы – 1, Жетісу облысы – 1, Қарағанды облысы – 1, Қостанай облысы – 2, Қызылорда облысы – 2, Маңғыстау облысы – 2, Павлодар облысы – 3, Солтүстік Қазақстан облысы – 2, Түркістан облысы – 1, Ұлытау облысы – 1, Шығыс Қазақстан облысы – 2).
Жоспарлы тексерулердің нәтижелері бойынша қорытындылар жасалды, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою бойынша 25 білім бөлімдерінің басшыларына ұсыныстар берілді.
Білім бөлімдері тарапынан педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру тәртібінде кемшіліктер анықталды, жүргізілген білім беру мониторингінің құжаттары толығымен жинақталмаған және басқалар.