Департамент басшысы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын лицензиялау тәртібі мәселелері бойынша баяндама жасады

Департамент басшысы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын лицензиялау тәртібі мәселелері бойынша баяндама жасады
  • 2026 жылғы 10 сәуірде Орал қаласында мектепке дейінгі білім беру ұйымдары басшыларымен кеңес өткізілді.
  • Кеңестің негізгі тақырыбы – 2027 жылдан бастап енгізілетін лицензиялау тәртібін түсіндіру.
  • Мемлекеттік және жеке балабақша ұйымдарының басшылары қатысты.
  • ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 27 қарашадағы № 268 бұйрығының талаптары түсіндірілді (№ 473 бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар).
  • Мектепке дейінгі ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары және оларды растайтын құжаттар қарастырылды.
  • Қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.