«Білім берудің жаңа серпіні – тиімді басқару мен жас маман» практикалық алаңына департаменттің білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы Б. Төлегенов қатысты

«Білім берудің жаңа серпіні – тиімді басқару мен жас маман» практикалық алаңына департаменттің білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы Б. Төлегенов қатысты

Б. Төлегеновтің «Білім берудің жаңа серпіні – тиімді басқару мен жас маман» практикалық алаңындағы баяндамасының тезистері:

Практикалық алаңдың мақсаты – білім беру ұйымдарында тиімді басқару тәжірибесін насихаттау, мектеп басшылары мен жас мамандар арасында кәсіби диалог орнату, жас педагогтердің кәсіби дамуына қолдау көрсету және басқару мәдениетін жетілдіру.
• Қатысушылар: Білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтары.
• Баяндаманың тақырыбы: Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау.
• Баяндаманың негізгі бағыттары:
1. Аттестаттауды жүргізудің кезеңдері.
2. Білім беру ұйымдарын бағалау критерийлері.
3. Білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауды жүргізуге қойылатын талаптар.

Қорытынды: Баяндаманың барысында аттестаттау мен өзін-өзі бағалаудың негізгі аспектілері көрсетіліп, бұл білім беру ұйымдарында басқару сапасын арттыруға, педагогтар арасында тәжірибе алмасуға және басқару мәдениетін нығайтуға ықпал ететіні атап өтілді.