Мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау: 2027 жылға дайындық аясында семинар өтті

-
2027 жылдан бастап мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын лицензиялау енгізіледі.
-
Лицензиялауға дайындық шеңберінде 2026 жылғы 5 ақпанда семинар-кеңес өткізілді.
-
Семинарға департамент басшысы З.Б. Гумарова және лицензиялау бөлімінің басшысы С.М. Жумагереев қатысты.
-
Қатысушылар: аудандық (қалалық) әдістемелік кабинет әдіскерлері, мемлекеттік және жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары.
-
Департамент қызметкерлері білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары бойынша түсіндірме берді.
-
Түсіндірілген нормативтік актілер:
-
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы №473 бұйрығы;
-
Аталған бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2025 жылғы 27 қарашадағы №268 бұйрық.
-
-
Түсіндіру және ақпараттандыру жұмыстары жалғастырылатын болады.