Департамент басшысының 2025 жылғы бақылау шаралары бойынша білім басқармасының алқа отырысындағы баяндама тезистері

Департамент басшысының 2025 жылғы бақылау шаралары бойынша білім басқармасының алқа отырысындағы баяндама тезистері

2025 жылғы 30 желтоқсанда департамент басшысы З. Гумарова білім басқармасының алқа отырысында 2025 жылғы бақылау шараларының қорытындылары туралы баяндама жасады.
• Есепті жылы департаментпен 886 бақылау шарасы өткізілді, оның ішінде 4 жоспарлы және 5 жоспардан тыс тексеру, сондай-ақ білім беру мониторингтері мен 17 лицензия алу алдындағы бақылау жүргізілді.
• 138 білім беру ұйымы мемлекеттік аттестаттаудан өтті, оның ішінде 48 мектепке дейінгі және 90 орта білім беру ұйымы.
• Аттестаттау қорытындысы бойынша 3 мектеп пен 2 бөбекжай аттестатталды, алайда 2 мектеп тестілеу нәтижелері бойынша белгіленген межелі деңгейге жете алмады.
• Баяндамда әдістемелік жұмыстың сапасын арттырудың маңыздылығы атап өтілді, себебі ол аттестаттау нәтижелеріне тікелей әсер етеді.
• Жоспарлы тексерулер нәтижелері білім беру ұйымдары қызметін жүйелі талдау және анықталған мәселелер бойынша уақытылы шара қабылдау қажеттігін көрсетті.