Кешенді тестілеу жүргізілді.

Кешенді тестілеу жүргізілді.

Ағымдағы жылдың 17-19 мамыр күндері мемлекеттік аттестаттау шеңберінде  Ақжайық ауданы білім беру бөлімінің Тайпақ мектеп-гимназиясында, Ақжайық ауданы білім беру бөлімінің Мойылды негізгі орта мектебінде, Теректі ауданы білім беру бөлімінің Алғабас бастауыш мектебінде кешенді тестілеу жүргізілді. Тестілеуге 4, 9 сыныптың оқушылары қатысты.

    Кешенді тестілеу білім беру ұйымдарының білім беру қызметін өзін-өзі бағалаудың бір кезеңі болып табылады және  Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 486 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарымен» айқындалған.  

   Тестілік бақылауға Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті қызметкерлері бақылаушы ретінде қатысты.

Оқиға күні

23 мамыр 2023

Оқиға түрі

Выступление