Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын лицензиялауға дайындық және лицензиялау рәсімі

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын лицензиялауға дайындық және лицензиялау рәсімі

2026 жылғы 20 қазанда Жетісу облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында Жеке білім беру жөніндегі салалық Кеңестің отырысы өтті. Жиынға Жетісу облысы бойынша білім беру сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы Әлішер Қуанышбайұлы Башаров және білім беру қызметін мемлекеттік бақылау және лицензиялау бөлімінің бас маманы Гүлжазира Амангелдіқызы Сарсимбекова қатысты. Талқылау барысында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының (МДБҰ) алдағы лицензиялау процесіне дайындық мәселелері қарастырылды.

Мектепке дейінгі білім беру сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 57-бабына сәйкес 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының білім беру қызметін лицензиялау талабы енгізіледі.

Ә.Қ.Башаров мектепке дейінгі білім беру жүйесін лицензиялауға көшіруді реттейтін нормативтік-құқықтық базаның маңыздылығын атап өтті,  Г.А.Сарсимбекова қатысушыларға лицензиялаудың негізгі талаптарын түсіндірді.

Қатысушылар жеке және мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының лицензиялауды енгізуге дайындығына қатысты негізгі мәселелерді талқылап, туындаған қиындықтарды шешу бойынша бірлескен ұсыныстар әзірледі.

Жетісу облысының кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған бұл кездесуге облыстық прокуратура, білім, денсаулық сақтау, сәулет және қала құрылысы басқармаларының, полиция департаментінің, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің, Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері, сондай-ақ Қазақстан үздіксіз білім беру қауымдастығының (ҚҮББҚ) жергілікті филиалының өкілдері қатысты