Жетісу облысында білім сапасын арттыру бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде

Жетісу облысында білім сапасын арттыру бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде
2024–2025 оқу жылының нәтижелері бойынша облыстағы 315 мектептің ішінен білім сапасы төмен көрсеткіш анықтаған 50 мектеп белгіленді. Қалалық және ауылдық мектептер арасындағы білім теңсіздігін азайту мақсатында Білім басқармасының 15 қыркүйектегі бұйрығымен «50 мектепке әдістемелік қолдау» жобалық кеңсесі құрылды. Жоба аясында 9 бөлім басшысы мен 3 әдіскерден тұратын команда жұмыс істеуде.
Негізгі атқарылған жұмыстар:
Мектептердің оқу-тәрбие, мектепішілік бақылау жоспарлары талданып, кері байланыс берілді;
Басшылар мен орынбасарларға «Мектепішілік бақылауды тиімді жоспарлау» бойынша практикалық семинарлар өткізілді;
Testter.kz платформасында 4, 9, 10, 11-сыныптардан бастапқы білім кесіндісі алынып, өткен жылмен салыстырмалы талдау жүргізілді;
Күзгі каникулдық мектеп кезінде білімдегі олқылықтарды толықтыру бойынша семинарлар мен шебер сыныптар ұйымдастырылды;
«Үздік педагог» иегерлері қиындық тудыратын тақырыптар бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті;
Әдістемелік орталық әдіскерлері Ақсу, Кербұлақ, Көксу аудандарында сабақтарға қатысып, әдістемелік қолдау көрсетті. Қалған аудандарда жұмыс желтоқсанда жалғасады.
2026 жылдың қаңтарында білім алушылардың жетістіктерін анықтау мақсатында аралық бақылау өткізу жоспарлануда.