«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, діни білім беру, кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтері, ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» баспасөз-релизі
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік наградалар, білім беру және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен ««Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, діни білім беру, кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтері, ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығына мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Бұйрықта мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының тәртібін жоғарыда көрсетілген заңнамалық актілерге сәйкес келтіру көзделген.