Қаратал ауданы Кәлпе ауылы

Білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті тұрақты негізде Жетісу облысы бойынша күрделі жөндеуге жататын білім беру ұйымдары мен жаңа құрылыс объектілерінің мониторингін жүргізеді.
Қаратал ауданы Кәлпе ауылы, Кәлпе орта мектебінің ғимарат құрылысы 1970 жылы салынған, мектеп сұйық отынмен жылытылады. Жобалық қуаттылығы 960 орын. Оқушылар саны – 213, мектепалды даярлықта – 36, мұғалім саны – 31, техникалық қызметкер саны – 19.
Күрделі жөндеу жұмыстары шеңберінде білім беру процесін ұйымдастыру үшін оқушылардың жағдайларың жақсарту, сондай-ақ ауыл жастарына спортпен, шығармашылықпен айналысуға, қолайлы жағдайларда сапалы білім алуға мүмкіндік беру көзделген.