Жетісу облысының білім саласындағы мәселелері туралы

08 сәуірде Жетісу облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Жетісу облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысы А.Башаровтың «Жетісу облысының білім саласындағы мәселелері туралы» тақырыбында брифингі өткізілді.
Брифинг барысында 2025 жылғы мемлекеттік аттестаттау қорытындылары, білім беру ұйымдарында анықталған негізгі кемшіліктер, білім сапасының деңгейі және бақылау жұмыстарының нәтижелері баяндалды. Сонымен қатар педагогтердің құқықтарын қорғау, мемлекеттік қызметтер көрсету және алдағы кезеңге жоспарланған міндеттер туралы ақпарат берілді